27
январь
2022
Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен тапсырмаларды пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2022 жылдың 25 қаңтар күні «Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен тапсырмаларды пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі мемлекетіміздің білім саласы ұстаздар қауымына үлкен күш артып отыр. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Усенкулова Г.Қ. мен Адибаева Г.М. сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді дұрыс әрі қызықты етіп, сабақ жоспарына сай жоспарлауға бағыт- бағдар көрсетті. Семинарға қатысушылар топтарға диалогтік оқыту тәсілімен түрлі сұрақтар қоя отырып, оқушылардың сөздік қорын көбейтуді, сабаққа деген қызығушылығын оятуды, әдіс- тәсілдердің оңтайлы жақтарын өз тәжірибелерінде қолдануды үйренді. Бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз, яғни мұғалімнің кәсіби шеберлігі жоғары болған жағдайда білім сапасы да артады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманбекова Л.Ж тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі екендігін атап өтті.