«Оқу мақсаттары арқылы сөйлеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудандық шеберлік сынып өтті.
«Оқу мақсаттары арқылы сөйлеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудандық шеберлік сынып өтті.
2021 жылдың 2 сәуір күні И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Бектіғұлованың «Оқу мақсаттары арқылы сөйлеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудандық шеберлік сыныбы өткізілді.
Іс-шара барысында Н.Бектіғұлова «Ұстаз – ұлы есім» бейнетаспасымен, педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен таныстырды. Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиісті меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады екен. Тілдік дағдылар оқушының коммуникативтік дағдылары болып табылады. Осы дағдыларды басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретінін ,грамматикалық білім де тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асырылып отыратынын мұғалім өз іс- тәжірибесінде баяндап өтті.Тілдік дағдыларды қалыптастыру жолдары мен тілді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін, қазақ тілін деңгейлеп оқытудың басты ұстанымдарын сабақ үрдісінде қалай жүзеге асыратыны туралы ой бөлісті.
Іс-шараға аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, озық тәжірибелі педагогтар қатысты.