15
декабрь
2020
«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер» тақырыбында мектепішілік семинар
Жас мамандардың кәсіби қалыптасуы мен педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында 2020 жылдың 09 желтоқсанында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Семинарға 16 жас маман қатысты. Семинар барысында жас ұстаздарымызға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдраманова Г.Б өз іс- тәжірибелерінде оқушыларға теориялық білімді қалай игерту керектігі туралы оқытудағы әдіс-тәсілдермен таныстырды. Ал орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаймалақова Н.У «Сабақты талдау. Талдау түрлері» тақырыбында шебер-сынып көрсетіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Өткізілген семинардың жас ұстаздарға әдістемелік жағынан тигізер пайдасы зор болды.