02
июнь
2026
‘’Балауса” лагерінде 2.06 күні«Цирк күні»


Мектеп жанындағы ‘’Балауса” лагерінде 2.06 күні«Цирк күні» өтті. Жауаптылар: Алтынханқызы Г. Айбасова М.Ө Золотко А.К.🎪Цирк – балаларға қуаныш сыйлайтын ерекше өнер ордасы.
Біздің лагерьдегі «Цирк күні» балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, өнерге қызығушылығын арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл күні балалар сайқымазақтар бейнесіне еніп, қызықты ойындар ойнап, түрлі эстафеталарға қатысты, өз өнерлерін көрсетті.
🎭 Бағдарламада:
«Көңілді сайқымазақтар» ойыны;
Акробатикалық билер
Сиқырлы фокустар көрсету;
Би және ән шашу;
Қызықты жарыстар мен эстафеталар өткізілді.
✨ «Цирк әлемі – қуаныш әлемі!»Балаларға шаттық сыйлайтын бұл мереке есте қаларлық әсерге толы болды! 🎪🤹♀️🎈