09
июнь
2022
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында “Бала деген бір бақыт” атты жазғы мектепішілік “Балауса” лагерінің І маусымының жабылу салтанаты өтті.
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында “Бала деген бір бақыт” атты жазғы мектепішілік “Балауса” лагерінің І маусымының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараның өтілу барысында бастауыш сынып оқушылары өздерінің жазғы лагерьден алған түрлі әсерлерімен бөлісіп, өнерлерін көрсетті. Жазғы тынығу лагерьлері әр түрлі болғанымен, олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осындай мақсат пен міндетті мойнына алған ұстаздар барынша тырысып, балалардың қызығушылығын арттыра түсу жолында жұмыс жасады. Сонымен қатар іс-шараның өтілуіне жауапты мұғалімдер түрлі ойындар жүргізіп, әр сынып дайындаған концерттік номерлерін көрсетті. Балалар бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай, жеке қасиеттерін дамытып, тақпақ, өлең, әндерін нақышына келтіріп орындай алды. Балалардың шабыты ашылып, жаңа достар тауып, ынталана түскенін көрсеткен өнерлерінен байқауға болады. Жазғы лагерь балаларға өте қатты ұнады. Балалар бір-біріне жазғы демалыстарын қызықты өткізуіне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.