Достижения учащихся и учителей
Мұғалімдер аудандық, облыстық, республикалық іс- шараларға белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Атап айтсақ ,қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ғ.Наушабаева қазақ тілі пәні мұғалімдерінің «Ең үздік дидактикалық материалдар» облыстық байқауында алғыс хатпен марапатталды . Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Иманбекова Лаура Жақсымбетқызы республикалық «Үздік педагог – зерттеуші» байқауында ІІ дәрежелі Құрмет мадақтамасына ,облыстық «Үздік электрондық оқу құралы» байқауында «Зар заман ақындары» тарауына жасаған электрондық оқулығы үздік деп танылып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Куланова Рыскуль Мухтаровна облыстық биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология пәнінен зертханалық жұмыстардың әдістемесі» тақырыбындағы облыстық шеберлік сыныпқа белсене қатысты.
Облыстық «География пәнін оқытуда сарамандық жұмыстардың жүргізілуі» тақырыбында семинар – практикумда Ф.А.Худайбергенов, математика пәнінің мұғалімі Н.Г.Касьяненко «Инновациялық - педагогикалық идеялар» тақырыбында өткен республикалық байқауда сертификатқа ие болды .
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Мырзагелдиева облыстық олимпиадада 3- орын, информатика пәнінің мұғалімі А.Алдышева аудандық олимпиаданың 1-орын жүлдегері атанды.
Пәндік олимпиададан өткен қашықтық олимпиадасында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Р.Өмірбекова, Л.Ж.Иманбекова, Р.Әдібаева, физика пәнінің мұғалімі В.Қожаназарова, математика пәнінің мұғалімі Г.Қозыбақова, информатика пәнінің мұғалімі А.Алдышева, химия пәнінің мұғалімдері Д.Таубаева, А.М.Тұрарова жүлделі орындарға ие болды.
Бастауыш сынып мұғалімдері Г.Әлімсейітова, Н.Н.Мажникова, Н.В.Тетюхина, Н.З.Нуриеваның оқушылары халықаралық «Инфоурок» байқауында үздік нәтиже көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Андриянов Александр Николаевич«ОТАН»Республикалыққоғамдық бірлестігі Басқармасы Бюросының Қаулысымен «ОТАН » РҚБ ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» медалімен марапатталды.
Мектепте дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс гимназия компоненті есебінен жүргізіледі. Білім сапасы - мұғалімдер жұмысының айнасы. Әрине, бұл олимпиада, түрлі интеллектуалдық турнирлерден көрініс табады. Биылғы оқу жылында негізгі пәндерден қосымша дайындалған оқушылар аудандық облыстық пәндік олимпиадаларда жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
Аудандық олимпиада қорытындысы бойынша: жалпы қатысқан оқушылар саны - 49 оқушы, оның ішінде 9 оқушы ІІІ орынға, 17 оқушы ІІ орынға, 14 оқушы І орынға ие болды. Облыстық олимпиадаға жолдама алған 13 оқушының 6-ы жүлделі орынға ие болды
Халықаралық «Инфоурок» жобасы бойынша қашықтық байқауында химия пәнінен 19 оқушы І орынды, 13 оқушы ІІ орынды, 15 оқушы ІІІ орынды, пән мұғалімдері Таубаева Д.С., Черкасова Н.Е, Тұрарова А.М. Биология пәнінен 19 оқушы І орынды, 1 оқушы ІІ орынды, пән мұғалімі Тұрарова А.М. Орыс тілі пәнінен 17 оқушы І орынды, 7 оқушы ІІ орынды, 1 оқушы ІІІ орынды, пән мұғалімдері Умаркулова Г.Т., Байгашева В.Т., дүниежүзі тарихы пәнінен 9 сынып оқушылары Урленова Зарина, Ниеталиев Нурбахыт І орынды, пән мұғалімі Абдекова М.М., ағылшын тілі пәнінен 3 оқушы ІІ орынды, 3 оқушы ІІІ орынды иеленді, пән мұғалімі Джеенкулова Г.Д.
Халықаралық «Новый урок» жобасы бойынша қашықтық байқауында информатика пәнінен 5 «Ж» сынып оқушысы Вольф Даниель, 8 «Е» сынып оқушысы Ергешбаева Жания, 8 «Ж» сынып оқушысы Адельханова Сабина, 8 «Г» сынып оқушысыАушев Ибрагим ІІ дәрежелі дипломға ие болды, пән мұғалімі Алдышева А.Б.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып «Қазақ хандығының 550 жыл» тақырыбында өткен олимпиадада 10 «Б» сынып оқушысы Максутов Закир ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, пән мұғалімі Максутов Р.Ш.
2014 жылы қараша айында халықаралық «Русский медвежонок – тілтану барлығы үшін» байқауына қатысқан 4 сынып оқушылары Азулаева Милана мен Гаипова Карина «Бас жүлдені» ұтып алып, «Қыз Жібек» кітабын сыйға алды, мұғалімі Тетюхина Наталья Викторовна.
«Ақ бота» интеллектуалдық марафонына 84 оқушы қатысып 26 оқушы жүлделі І,ІІ, ІІІ жеңімпаздары атанды.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Менің мектептегі мұражайым» тақырыбындағы республикалық байқаудың «Бейнеролик (Бейнеклип)» номинациясында 9 «В» сынып оқушысы Александрович Ирина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, мұғалімі Шидакова Л.А.
Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиадаға қатысқаны үшін 9 «А» сынып оқушысы Қарман Жібек сертификатқа , мұғалімі Умирбекова Р.А., облыстық "Жасарған Жамбыл жерінде” мәнерлеп оқу байқауында 10 «В» сынып оқушысы Аспетов Ағаділ «Бас жүлдеге» , мұғалімі Сұлтанқұлова А.С., І облыстық жыршылар байқауында "Алатаудай айбатың, Ер екенсің айтулы” білім сайысында 8 «А» сынып оқушысы Темірболат Назерке ІІ дәрежелі дипломға, мұғалімі Адибаева Р.Б., облыстық "Ақберен” білім және өнер байқауында "Ақындар мүшәйрасы” номинациясы бойынша 11 «Ж» сынып оқушысы Исраилова Назерке ІІІ дәрежелі дипломға, мұғалімі Адибаева Р.Б. облыстық «Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында» шығарма байқауында 9 «А» сынып оқушысы Тоқберген Айдана ІІ дәрежелі дипломға, пән мұғалімі Умирбекова Р.А.,облыстық «Менің тұңғыш Президентім» шығарма байқауында 11 «В» сынып оқушысы Жолан Дария ІІ дәрежелі дипломға, 8 «А» сынып оқушысы Өмірзақова Назерке ІІ дәрежелі дипломға , мұғалімі Адибаева Р.Б.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің
ұйымдастыруымен облыстық «Қазақ хандығына 550 жыл: мемлекеттілікті зерттеудің
жаңаша көзқарастары» тақырыбында өткізілген дебат турнирінде үздік ойын
көрсеткені үшін 9 «А» сынып оқушылары Қарман Жібек пен Тоқберген Айдана ІІІ
дәрежелі дипломға ие болды.
Аудандық «Абай оқуларына» 3 оқушы қатысып, үшеуі де жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ, мәнерлеп оқу бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Тоқтанова Жазира ІІ орын, (мұғалімі Абдраманова Г.Б) арнау бөлімі бойынша 7 «ә» сынып оқушысы Қадырқұлова Жанель І орын, (мұғалімі Абдраманова Г.Б) ән байқауы бойынша 10 «В» сынып оқушысы Зарлық Мұрагер І орынды иеленді. (мұғалімі Сұлтанқұлова А.С) Ал аудандық «ҮІ Махамбет оқуында» 10 «В» сынып оқушысы Аспетов Ақаділ ІІ орын алды. (мұғалімі Сұлтанқұлова А.С). Күй жарысы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Аманов Темірлан І орын иеленді.
Сәуір айында бастауыш сынып оқушылар арасында өткен облыстық «Мен зерттеуге үйренемін» атты байқауға қатысқан 3 «Ә» сынып оқушысы Әбдімомын Нұрай ІІІ дәрежелі дипломмен, мұғалімі Тасқараева А.Б.
аудандық Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіс» атты суреттер байқауында 6 «А» сынып оқушысы Әкімбек Жания ІІІ дәрежелі дипломмен, осы сыныптың оқушысы Қаймодаева Лана «Жас талапкер» номинациясымен марапатталды, мұғалімі Айнакулова Қ
Облыстық «Қазақстан - менің елім» атты экологиялық байқауында «Қоршаған орта - болашақ үшін» 6 «В» сынып оқушысы Қаттау Бекзат ІІ орынды, пән мұғалімі Наушабаева Нүргілім,«Жол қозғалысының жас инспекторлары» аудандық байқауында 7 «А» сынып оқушыларынан құрылған «Жас ұлан» командасы ІІ орынды , команда капитаны Исабек Мирас «Үздік командир» номинациясын иеленді.