Мектеп туралы ақпарат
Мектеп миссиясы:
« Білім беруге қойылатын бүгінгі күн талабына сай білім сапасын көтеру мақсатында оқыту –тәрбиелеу үрдісінің түрі мен әдістерін жетілдіру»
Мақсаты:
«Білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру барысында мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру арқылы басқарудың тиімділігі мен білім сапасын арттыру»
Міндеттері:
Сапалы білім беру мазмұнын қамтамасыз ету;
Білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру;
Білім беруде сапалы орта жасау;
Кәсіби білікті, білім беруге ынтасы мол, қызығушылығы жоғары педагогтар қауымын қалыптастыру.
Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы
Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы- ұзақ жылдар бойы ұстаздық етуден жалықпай, бойындағы қажыр-қайратын шәкірттерге білім мен тәрбие беру жолына арнап келе жатқан ұлағатты ұстаз, жоғары білімді маман, білікті басшы.
Гүлжан Ержанқызы алдына маңызды мақсат қойып, сол мақсатқа жетудің тиімді жолдарын іздейді. Осындай тынымсыз еңбегінің арқасында педагогикалық қызметінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Гүлжан Ержанқызы - 1999 жылы №17 орта мектеп-гимназиясында оқу ісінің меңгерушісі, 2002 жылдан 2010 жылға дейін №48 орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Аталған мектепте оқу-тәрбие ісін тиімді ұйымдастырып, өзін білікті басшы ретінде көрсетті. Соның нәтижесінде Гүлжан Ержанқызы 2005 жылы облыстық «Жыл директоры» байқауының жеңімпазы атанса, өзі басқарып отырған мектеп 2006 жылы Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған республикалық «Таңдаулы мектеп» байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді.
Г.Е.Тлеубердиева 2010 жылдан бастап аудандағы №17 Трубицын атындағы мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқаруда. Мектеп директоры ретінде мұғалімдердің іс-тәжірибесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізуді талап етеді. Тәжірибелі басшы аудандық, облыстық семинарларда мазмұнды баяндамалар жасап, әріптестерімен өзінің көп жылдық іс-тәжірибесімен ой бөлісіп отырады. Осы бірлескен жұмыстардың нәтижесінде мектеп 2011 жылы өткен облыстық «Жылдың үздік мектебі» байқауында І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.
Гүлжан Ержанқызы бірнеше мәрте аудандық, облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Жамбыл облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Үздік басшы ретінде «Дарынды балалар- Қазақстанның болашағы», «ҚР білім берудің үздік қызметкерлері» атты республикалық жинаққа енді.
Мектептен гимназияға дейін.
Мектеп- жас ұрпақты біліммен қаруландырып, ұлттық рухқа тәрбиелейтін, келешек ел басқарып жер суына иелік ететін, елін гүлдендіріп мерейі мен мәртебесін көтеретін, жасампаз азаматтар шыңдайтын киелі алтын ұя.
Біздің мектебіміз жайлы айтатын болсақ, ұзақ жылдардан бері осы мектептегі ұстаздарымыз оқушыға білім нәрін бере отырып, рухани мәдениетін, ұлттық салт-санасын қалыптастыруда, олардың жан-жақты дамуына өз үлесін қосып жатқаны анық.
Жастарды оқыту, тәрбиелеу, қазіргі өмір ағысына бейімдеу- қоғам алдында тұрған жауапты міндет. Міне, осындай талаптарға сай еңбек етіп, жарқын болашаққа қадам басып келе жатқан біздің мектеп- жалпы орта білім беретін аралас ауыл мектебі.Мектеп іргетасы 1870 жылы шіркеулік приход мектебі ретінде қаланды. Кеңес үкіметінің орнауымен 1919 жылы шіркеулік мектеп негізінде 2 сыныптық бастауыш мектеп ашылды. XX ғасырдың 30-жылдары 8 сыныптық мектепке айналды. Соғыстан кейінгі жылдары мектеп ұжымы жеке тұлғаға құрмет, оқушыға қолдау көрсету, оның қабілетін дамыту ұстанымдары негізінде жұмыс жасап, нәтижесінде мектептің үш түлегі оқудағы жетістіктері үшін медальмен марапатталды. Бұл қиындығы мен жауапкершілігі жөнінен теңдессіз, күнделікті еңбектің бағасы еді...
Мектепте оқу-ғылыми тәжірибелі жұмыстардың бағдарламасына сәйкес оқу прцесінің дұрыс жолға қойылуы, оқушылардың кәсіби шеберлікке баулу деңгейінің жоғарылығы, оқытушылар қоғамының педагогикалық шеберлігі, жоғары оқу орындарымен байланыстың жүйелілігі, материалдық жағынан қанағаттанарлық жағдайда жабдықталуы, оның ішінде, әсіресе кәсіптік бағдар бере отырып оқыту ісі ескеріліп, мектепке 1998 жылы орта мектеп-гимназия статусы берілді.
Мектеп ұжымы бағдарлы салада іс-тәжірибелерді жетілдіру барысында белгіленген тұжырымдарға педагогикалық тәжірибенің жаңа жағдайдағы нәтижелігін, кәсіби бағытта үздіксіз оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын жасап, педагогикалық болжамдарға сәйкес және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында көрсетілгендей республика тұрғандарына жалпы және білім алу үшін адамның шығармашылық қабілетін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту қажет деген міндеттерді басшылыққа ала отырып, жаңа қарқынмен жұмысқа кірісті.
Мектеп гимназияға көшіруді іске асыра отырып, білімнің сәтті дамуының негізі өз бетімен жұмыс істейтін, жауапты және ойлы адамды қалыптастыру болды.