10
ноябрь
2020
"Мектептегі әдістемелік бірлестік жұмысы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында "Мектептегі әдістемелік бірлестік жұмысы" тақырыбында облыстық вебинар өтті. Облыстық вебинарда Иван Трубицын атындағы 17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының химия және биология пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Тұрарова Айбат Маратқызы "Оқу әдістерінің жаңа технологиясын пайдалана отырып, оқушыға нәтижелі білім беру" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибе мен ғылыми- әдістемелік жұмысты қалыптастыру, педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатындағы вебинарда Айбат Маратқызы әдістемелік бірлестіктің құжаттарымен таныстырып, негізгі бөлімдеріне тоқталды. Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарында көтерілген мәселелер туралы айтты.