Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
22
май
2017

Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13420 болып тіркелді

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізуқағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 шілдедегі № 447бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 тамызда № 11861 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
Министрі А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 95 бұйрығымен
бекітілген

Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру
курстарын ұйымдастыру және жүргізу
қағидалары 1. Жалпы ережелер

1. Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1)тармақшасына және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. ОсыҚағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік – тиісті кәсіби қызмет шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажет кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;
2) қорытынды бағалау – нәтижесінде сертификаттау туралы шешім қабылданатын, үміткердің біліктілікті беру схемасының талаптарына сәйкестігін белгілеуге көмектесетін процесс;
3) мектеп практикасындағы өзгерістердің курстан кейінгі мониторингі және бағдарламаның түйінді идеяларын енгізудің тиімділігі – бұл мектеп практикасының нақты жай-күйін күтілетін нәтижелермен салыстыру мақсатында арнайы ұйымдастырылған, ғылыми негізделген, үздіксіз, мақсатты түрде білім беру процесінің және сертификатталған педагогтердің курстан кейінгі қызметінің сапасын диагностикалау, болжамды қадағалау, бағалау және басқару жүйесі;
4) педагог кадрлар – біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде оқудан өтуші педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар;
5) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыретін дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;
6) сертификат – маман біліктілігінің (кәсіби құзыреттілік деңгейінің) біліктілік талаптарына, оның ішінде нақты салаға арналған стандартқа сәйкестігін және кәсіби қызмет деңгейін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
7) сертификаттау – маманның біліктілікке сәйкестігін растау және оған біліктілікті беру рәсімі. Сертификат тұлғаның біліктілік және құзыреттілік деңгейіне сәйкестігін белгілейді;
8) сертификатталған педагог кадрларды курстан кейінгі қолдау – Қазақстан мектептерінде оқушылардың табысты оқуына ықпал ететін Қазақстан Республикасындағы сертификатталған педагог кадрлардың мектептегі практикасының оңтайлы кәсіби дамуы және өзгеруі үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететін ресурстар нысандар мен әдістер жүйесі.
9) сертификатталған тренер – тренерлерді даярлау бағдарламасы бойынша сертификатталатын оқудан өткен маман немесе педагогикалық қызметкер.
3. Ұйымдарда педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарына (бұдан әрі – Курстар) қойылатын жалпы талаптар:
1) ұйымның жарғысында (ережесінде) біліктілікті арттыратын, оның ішінде педагога кадрларының біліктілігін арттыратын ұйымдарға арналған кадрлардың біліктілігін арттыру жайларының болуын;
2) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының болуын қамтиды.
4. Курстар білім беру деңгейлері бойынша құрылымдалады:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) бастауыш білім беру;
3) негізгі орта білім беру;
4) орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);
5) орта білімнен кейінгі білім беру;
6) жоғары білім беру;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
5. Қағидалар педагогика кадрларын төмендегі курстарға іріктеу және қабылдау тәртібін айқындайды:
1) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді Курстар:
білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру бағдарламалары бойынша;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ ПШО) Кембридж университетінің Білім факультетімен бірлесіп әзірлеген білім беру бағдарламалары бойынша;
«НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдардың басшыларының білім беру бағдарламалары бойынша;
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты (бұдан әрі - «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ) әзірлеген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру (бұдан әрі – АРББ) бағдарламалары бойынша;
техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) ұйымдарының инженерлік-педагогикалық және басшы кадрларына арналған курстың білім беру бағдарламалары бойынша;
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының оқытушыларына арналған Курстың білім беру бағдарламалары бойынша;
2) кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында тығылымдамадан өту (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог кадрлары үшін).
6. Әр білім беру деңгейі мен санатына сәйкес курстардың тақырыбы, нысаны, мазмұны және кәсіби оқыту ұзақтығына қарай өзіндік ерекшеліктер мен өзгешеліктері болады.
7. Курстар бір-бірінен қамтылуы жағынан өзгеше болады. Біліктілікті арттыруды:
1) еңбек қызметінен қол үзбей (соның ішінде қашықтан оқу нысаны);
2) жеке білім беру бағдарламалары бойынша;
3) жұмыс орнындағы лауазымдық міндеттерінен қол үзу;
4) еңбек қызметінен жартылай қол үзу арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Курстарды Қазақстан Республикасының мынадай білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Ұйымдар):
1) «НЗМ» ДББҰ және оның ұйымдары;
2) «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Өрлеу» АБҰО» АҚ) және оның филиалдары;
3) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар, оның ішінде:
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» (бұдан әрі – «Бөбек» ҰҒПББСО» РМҚК);
«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»;
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы»;
4) «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «ТПҰҒПО» ММ);
5) меншік нысанына қарамастан ересектерге арналған білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары, қосымша білім беру институттары, сондай-ақ олардың филиалдары;
6) меншік нысанына қарамастан ересектерге арналған білім беру бағдарламаларын іске асыратын қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын қосымша білім беретін оқу орталықтары (өңірлік, өңіраралық, салалық);
7) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әдістемелік кабинеттері және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері;
8) басқа да заңды тұлғалар өткізеді.
9. Курсқа тапсырыс беруші мен Ұйым арасында біліктілікті арттыру бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасалады.

2. Курстардың ұзақтығы

10. Курстардың ұзақтығы:
1) қысқа мерзімді Курстар – кемінде 36 академиялық сағат;
2) ұзақ мерзімді Курстар – кемінде 108 академиялық сағат;
3) кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында тығылымдамадан өту – кемінде 36 академиялық сағат;
11. «НЗМ» ДББҰ ПШО Кембридж университетінің Білім факультетімен бірлесіп әзірлеген білім беру бағдарламалары бойынша курстардың ұзақтығы:
«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» 344 академиялық сағаттан кем емес (аудиториялық оқыту – кемінде 160 академиялық сағат; мектептегі практика – кемінде 144 академиялық сағат; аудиториялық оқыту – кемінде 40 академиялық сағат);
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» кемінде 320 академиялық сағат (аудиториялық оқыту – кемінде 160 академиялық сағат; мектептегі практика – кемінде 120 академиялық сағат; аудиториялық оқыту – кемінде 40 академиялық сағат);
«Тиімді оқыту» кемінде 296 академиялық сағат (аудиториялық оқыту – кемінде 160 академиялық сағат; мектептегі практика – кемінде 96 академиялық сағат; аудиториялық оқыту – кемінде 40 академиялық сағат);
12. «Бөбек» ҰҒПББСО әзірлеген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламалары бойынша Курстардың ұзақтығы:
«Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» кемінде 350 академиялық сағат, оның ішінде «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңі, аудиториялық оқыту – кемінде 80 академиялық сағат; «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңі, мектептегі практика – кемінде 150 академиялық сағат; «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңі, аудиториялық оқыту – кемінде 120 академиялық сағат;
«Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» – кемінде 340 академиялық сағат: «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңі, аудиториялық оқыту – кемінде 160 академиялық сағат; «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңі, мектептегі практика – кемінде 100 академиялық сағат; «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңі, аудиториялық оқыту – кемінде 80 академиялық сағат;
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» – кемінде 340 академиялық сағат: «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңі, аудиториялық оқыту – кемінде 160 академиялық сағат; «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңі, мектептегі практика – кемінде 100 академиялық сағат; «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңі, аудиториялық оқыту – кемінде 80 академиялық сағат;
13. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламасы бойынша курстардың ұзақтығы – кемінде 640 академиялық сағат: аудиториялық оқытудың бірінші кезеңі – кемінде 160 академиялық сағат; «Мектептегі практика» бірінші кезеңі – кемінде 80 академиялық сағат; аудиториялық оқытудың екінші кезеңі – кемінде 160 академиялық сағат; «Мектептегі практика» екінші кезеңі – кемінде 240 академиялық сағат.
14. Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары оқытушыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламалары бойынша курстардың ұзақтығы – кемінде 240 академиялық сағат (4 апта): онлайн режимінде – 60 академиялық сағат (екі апта); күндізгі оқыту – 80 академиялық сағат; тыңдаушының оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы, оның ішінде портфолио қорғау – 100 академиялық сағат.
15. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
16. Білім беру ұйымдарының педагог кадрларының біліктілігін арттыру бес жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

3. Курстардың ұйымдастырылуы

17. Курстарды:
1) білім беру ұйымдарында жұмыс тәжірибесі және курстық даярлық бейіні бойынша жеткілікті жұмыс өтілі бар оқытушылар;
2) қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен дайындалған сертификатталған тренерлер;
3) курстық даярлық бейіні бойынша жеткілікті жұмыс өтілі бар өндірістік кәсіпорындардың мамандары мен қызметкерлері;
4) педагогикалық және бейінді мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамы өткізеді.
18. Курстарды өткізу кезеңінде жекелеген дәрістерді оқу мен практикалық сабақтарды жүргізуде әдіскерлер, педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары, практиктер, өндірістік кәсіпорындардың мамандары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жұмыс берушілер қауымдастығы қызметкерлері тартылуы мүмкін.
19. Курстарда оқуға үміткер педагог кадрларға мынадай ең төменгі талаптар белгіленеді:
1) жоғары білім және білім беру ұйымында кемінде 1 жыл педагогикалық жұмыс өтілінің болуы;
2) техникалық және кәсіптік білім, білім беру ұйымында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;
3) білім беру жүйесі қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы базалық білімді пайдаланушы деңгейінде меңгеруі.
20. «НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген «Тиімді оқыту», «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы», «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар осы Қағидаларға1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
21. «НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
22. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар», «Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар», «Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар осы Қағидаларға4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
24. Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары оқытушыларының білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар осы Қағидаларға5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
25. Өндірісте, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтуге үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар осы Қағидаларға6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
26. Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша курстарда оқуға үміткер педагогика қызметкері білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың7,8 және9-қосымшаларына сәйкес нысанда жазылған өтініш;
2) келесі нысанда толтырылған сауалнамалар:
10-қосымша: «Қазақстан Республикасы педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының сауалнамасы»;
11-қосымша: Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының сауалнамасы;
12-қосымша: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы тыңдаушысының сауалнамасы;
13-қосымша: «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогикалық кадрларының оқу бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары тыңдаушысының сауалнамасы»;
14-қосымша: «Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары тыңдаушысының сауалнамасы»;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жұмыс орнынан лауазымы мен жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;
5) оқу және қоғамдық өмірдегі жетістіктерін растайтын грамоталар, дипломдар, көлемі 36 сағаттан кем емес қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттар мен басқа да құжаттар (бар болса) көшірмелері.
27. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі:
1) жыл сайын 20 қыркүйекке дейін Курстарда оқуға үміткер педагогикалық қызметкерлердің құжаттарын қарайды;
2) жыл сайын 1 қазанға дейін:
аудандық (қалалық) білім бөліміне педагогика кадрларының курстарға жіберілгені туралы хаттамамен рәсімделген шешімді;
облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларына педагогика кадрларының курстарға жіберілгені туралы хаттамалық шешімді келісуге ұсынады.
28. «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ әзірлеген білім беру бағдарламалары бойынша Курстарға педагогика кадрларының жіберілгені туралы шешім осы Қағидаларға15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Курстарға педагогика кадрларын жіберу туралы хаттамамен (бұдан әрі – Хаттама) ресімделеді.
29. Аудандық (қалалық) білім бөлімі жыл сайын 30 қарашаға дейін ұсынылған өтінімдерді қарайды және хаттамамен ресімделген тыңдаушылардың тізімдерін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына бекітуге жолдайды.
30. Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары жыл сайын 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) тыңдаушылардың бекітілген тізімін жолдайды.
31. Министрлік жыл сайын 25 желтоқсанға дейін Курстарға оқуға үміткер педагогика кадрларының тізімін жасайды және Ұйымға жолдайды.
32. Ұйым біліктілікті арттыру курстарын өткізуді келесі күнтізбелік жылдың басынан бастайды.
33. Тыңдаушыларды біліктілікті арттыру курстарына қабылдау Министрлік ұсынатын және/немесе білім беру ұйымдарының өтінімдері бойынша жасалған тыңдаушылар тізімінің негізінде Курстарды өткізетін Ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді.
34. Іссапар шығыстарының көлемі «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428қаулысына сәйкес айқындалады.
35. Іссапар шығыстарын төлеу үшін тыңдаушыларды біліктілікті арттыру курстарына қабылдау туралы бұйрық негіз болып табылады.

4. Тыңдаушыларды қорытынды бағалау және сертификаттау

36. Курс аяқталған соң Ұйым тыңдаушылар білімінің қорытынды бағасын:
1) Курста оқу кезеңінде дайындалған портфолио (ұзақ мерзімді Курстарда);
2) Ұйымда (оның ішінде қашықтан оқу кезеңінде) жүргізілген сабақтар негізінде дайындалған жобаны (презентация түрінде) қорғау;
3) тестілеу, жазбаша, ауызша немесе курстық жұмыс түріндегі біліктілік емтихандарын тапсыру арқылы жүргізеді.
Біліктілік емтихандарынан шектік балы:
«Тиімді оқыту» - 40 %;
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» - 50%;
«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» - 60% ең жоғары мүмкіндікте болады.
37. Басшылардың білім беру бағдарламасы бойынша курстарды аяқтаған тыңдаушыларға Ұйымдар курстан өткен уақыт аралығында әзірленген портфолио бойынша қорытынды бағалауды өткізеді.
38. Білім беру бағдарламасы бойынша Курстардан өткен және қорытынды бағалауды сәтті тапсырған тыңдаушыларға Ұйым біліктілікті арттыру курсының тақырыбына сәйкес сертификат (белгіленген формада және /немесе өз үлгісінде) береді.
39. «НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген білім беру бағдарламалары бойынша курстарды аяқтаған және біліктілік емтиханынан сәтті өткен тыңдаушыларға Ұйымдар сертификат береді:
осы Қағидаларға16-қосымшаға сәйкес нысанда «Тиімді оқыту»;
осы Қағидаларға17-қосымшаға сәйкес нысанда «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»;
осы Қағидаларға18-қосымшаға сәйкес нысанда «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы».
40. «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ әзірлеген білім беру бағдарламалары бойынша Курстардан өткен және біліктілік емтиханын сәтті тапсырған тыңдаушыларға Ұйымдар сертификат береді:
осы Нұсқаулыққа 19-қосымшаға сәйкес нысанда «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар»;
осы Нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес нысанда «Сыныптың біртұтас педагогикалық процестегі жалпыадамзаттық құндылықтар», «Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар».
41. «Тиімді оқыту», «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы», «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы», «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар», «Сыныптың біртұтас педагогикалық процестегі жалпыадамзаттық құндылықтар», «Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» білім беру бағдарламалары бойынша курстардан өтіп сертификат алған тыңдаушыларға (2016 жылғы 1 қаңтардан алса) мұғалімге келесі біліктілік деңгейін мерзімінен бұрын беруге мүмкіндік беріледі.
42. Басшылар бағдарламасы бойынша курстан өткен тыңдаушыларға Ұйымдар осы Нұсқаулыққа 21-қосымшаға сәйкес нысанда сертификат береді.
43. Сертификат ала алмаған курс тыңдаушыларына:
1) өз қаражаты есебінен бір жылда бір реттен артық емес біліктілік емтиханын қайта тапсыруға;
2) Курстың келесі легінің тыңдаушыларымен бірге портфолионы қайта тапсыруға;
3) дәлелді себептерге байланысты аяқталмай қалған курсты растау құжаттарын ұсына отырып, аяқтап шығуға;
4) дәлелді себептерге байланысты ағымдағы жылдың ішінде бір лектен екінші лекке ауысуға мүмкіндік беріледі.
44. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша сертификат алмаған тыңдаушыларға:
1) курстардың келесі легімен бірге портфолионы қайта қорғауға;
2) білім беру бағдарламасы бойынша дәлелді себептерге байланысты аяқталмай қалған курсты растау құжаттарын ұсына отырып өз қаражаты есебінен аяқтап шығуға мүмкіндік беріледі.
45. Оқудан шығарылған тыңдаушылар Ұйым басшысының бұйрығына және Ұйым құрған курс тыңдаушыларының өтініштері мен шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес Ұйымның шығындарын өтейді.
46. Сертификат берілген күннен бастап 5 жыл бойы жарамды.
47. Сертификатқа Курсты өткізген Ұйымның басшысы қол қояды.

5. Сертификатталған педагогика кадрларына Курстан кейінгі қолдау, мектеп практикасын түрлендірудің Курстан кейінгі мониторингі және бағдарламаның өзекті идеяларын енгізу тиімділігі

48. Сертификатталған педагогика кадрларын курстан кейінгі қолдауды Ұйымдар жүзеге асырады. Курстан кейінгі қолдаудың әдістемелік ресурстары мен инструментарийлерін Ұйым әзірлеп, бекітеді.
49. Курстан кейінгі мониторингті Ұйымдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Білім басқармалары өткізеді және Министрлік үйлестіреді. Курстан кейінгі мониторингті жүргізу тетіктері мен диагностикалық инструментарийлерін Ұйымдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларымен келісе отырып әзірлейді.
50. Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін бағалауды Министрлік жүргізеді.
51. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Білім басқармалары жыл сайын (жылына 2 рет – қаңтар, маусым) Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру курстары тыңдаушылары туралы Бірыңғай деректер базасына (бұдан әрі – Бірыңғай деректер базасы) «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) сәйкес «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінің әкімшілік есептілік нысандары бойынша мәліметтер жолдайды.
Бірыңғай деректер базасы «Өрлеу» БАҰО» ресми интернет-порталында қолданыста болады.

Педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру
курстарын ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

«НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар

Талаптар

1

Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес;
Жоғары техникалық және кәсіби (арнаулы кәсіби) білім, педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес.

2

Мектеп, аудан (қала) деңгейіндегі кәсіби конкурстарға қатысу нәтижелері.

3

Мектеп, аудан (қала) деңгейіндегі пәндік олимпиада жүлдегерлерінің, шығармашылық және ғылыми конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздарының нәтижесі (оның қатысушылары санынан).

4

Оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдістерді білуі және қолдануы.

5

Аудандық (қалалық) конференцияларды, семинарларды, форумдарды дайындау және өткізу барысында іс-тәжірибелерін (басылым, жинақ, ұсыным, құрал, көрме материалдары) тарату.

6

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі АКТ) саласында базалық білімді меңгеру: MS Windows, MS Office, Internet, электрондық пошта.

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»

Талаптар

1

Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес;
Жоғары техникалық және кәсіби (арнаулы кәсіби) білім, педагогикалық өтілі 7 жылдан кем емес.

2

Аудан (қала), облыс деңгейіндегі кәсіби конкурстарға қатысу нәтижелері.

3

Аудан (қала), облыс деңгейіндегі пәндік олимпиада жүлдегерлерінің, шығармашылық және ғылыми конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздарының нәтижесі (оның қатысушылары санынан).

4

Оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдістерді білуі және қолдануы.

5

Оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу немесе әзірлеуге қатысуы.

6

Облыстық (республикалық) конференциялар, семинарлар, форумдарды дайындау және өткізу барысында іс-тәжірибелерін (басылым, жинақ, ұсыным, құрал, көрме материалдары) таратуы.

7

АКТ саласында білімді меңгеруі: MS Windows, MS Office, Internet, электрондық пошта.

«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы»

Талаптар

1

Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі 7 жылдан кем емес;
Жоғары техникалық және кәсіби (арнаулы кәсіби) білім, педагогикалық өтілі 10 жылдан кем емес.

2

Аудан (қала), облыс, республика (халықаралық) деңгейіндегі кәсіби конкурстарға қатысу нәтижелері.

3

Аудан (қала), облыс, республика (халықаралық) деңгейіндегі пәндік олимпиада жүлдегерлерін, шығармашылық және ғылыми конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздарын дайындаған тұлға.

4

Оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдістемелерді және педагогикалық технологияларды қолдануы.

5

Оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеуі немесе әзірлеуге қатысуы.

6

Педагогикалық басылымдардағы жарияланымдар

7

Республикалық (халықаралық) конференциялар, семинарлар, форумдарды дайындау және өткізу барысында іс-тәжірибелерін (басылымдар, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары) таратуы.

8

Жас педагогтерге тәлімгер ретіндегі жұмысы, аудан (қала), облыс, республика, халықаралық деңгейлерде оқыту семинарларын, тренингтер өткізуі.

9

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білімдерді, MS Office, электрондық почта, Internet сервистерін жетік қолданушы деңгейінде меңгеруі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында функционалдық сауаттылығының едәуір жоғары деңгейде болуы, білім беру қызметінде кәсіби, әлеуметтік және жеке тұлғалық міндеттерін шешу үшін АКТ-ны орынды қолдануы.

Ескерту: талаптарға сәйкестігі құжаттармен расталады (ұсыным хаттар, сараптамалық қорытынды, алқалық ұйымның шешімі, өткізген ашық сабақтарының талдауы мен бағалау материалдары, тәжірибе тарату материалдары, оқушылардың жетістіктері мен ілгерілеуін растайтын құжаттары, сауалнама мен бақылау нәтижесінің материалдары, әдістемелік бірлестік және ғылыми, пәндік, үйірме жетекшісі қызметін растайтын құжат).

Педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру
курстарын ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

«НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар

Талаптар

1

Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі 7 жылдан кем емес;
Жоғары техникалық және кәсіби (арнаулы кәсіби) білім, педагогикалық өтілі 10 жылдан кем емес.

2

Заманауи білім беру технологияларын білуі.

3

Халықаралық білім беру жобаларына қатысуы, мектеп жұмысына енгізу тәжірибесі.

4

Ұсынылушы басқаратын оқу мекемесінің табыстылығын растауы.

5

Республикалық (халықаралық) конференциялар, семинарлар, форумдарды дайындау және өткізу барысында іс-тәжірибелерін (басылым, жинақ, ұсынымдар, құрал, көрме материалдары) таратуы.

6

Ұтқырлық, инновацияға ашықтығы.

7

Көшбасшылық қасиеттері.

8

Бірлескен жұмысқа дайындығы, үйренуге қабілетінің жоғарылығы.

9

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, MS Office, электрондық почта, Internet сервистерін жетік қолданушы деңгейінде меңгеруі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында функционалдық сауаттылығының едәуір жоғары деңгейде болуы, білім беру қызметінде кәсіби, әлеуметтік және жеке тұлғалық міндеттерін шешу үшін АКТ-ны орынды қолдануы.

Ескерту: талаптарға сәйкестігі құжаттармен расталады (ұсынба хаттар, сараптық қорытынды, алқалық ұйымның шешімі, өткізген ашық сабақтарының талдауы мен бағалау материалдары, тәжірибе тарату материалдары, оқушылардың жетістіктері мен ілгерілеуін растайтын құжаттары, сауалнама мен бақылау нәтижесінің материалдары, әдістемелік бірлестік және ғылыми, пәндік, үйірме жетекшісі қызметін растайтын құжаттар).

Педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру
курстарын ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарында оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар

Талаптар

1.

Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі бір жылдан кем емес;
Жоғары техникалық және кәсіби (арнаулы кәсіби) білім, педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес.

2.

Рухани-адамгершілік тақырыбында мектепішілік конференциялар, семинарлар, форумдарды дайындау және өткізу барысында іс-тәжірибелерін (басылым, көрме материалдары) тарату

3.

«Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.

4.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында базалық білімді меңгеруі: MS Windows, MS Office, Internet, электрондық пошта (әрі қарай АКТ).

«Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар»

Талаптар

1.

Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес;
Жоғары техникалық және кәсіби (арнаулы кәсіби) білім, педагогикалық өтілі 7 жылдан кем емес.

2.

Рухани-адамгершілік тақырыбында аудандық, қалалық, облыстық конференциялар, семинарла

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив