Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
23
май
2017

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 наурызда № 13364 болып тіркелді

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының5-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарын бағалауөлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 124 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

1. Осы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының5-бабының 21-2) тармағына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында әзірленген.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру ұйымдарын бағалау – бұл бағалау процесінің нәтижелері (білім беру ұйымы қызметі деңгейінің сандық және сапалық көрінісі);
2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары – білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық немесе нормативтік актілермен бекітілген талаптардың жиынтығы;
3) дескрипторлар – өлшемшарттарға қойылатын талаптардың сипаттамасы;
4) салмақтық коэффициент – білім беру ұйымы қызметі бағытын бағалаудың өзге де өлшемшарттарымен салыстырғандағы өлшемшарттың мәнділігін анықтайтын көрсеткіш.
3. Білім беру ұйымын бағалау нақты бағыттар бойынша оның қызметіне талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Бағыттарды бағалау кезінде 0,5-тен 2,5-ке дейінгі салмақтық коэффицентіне ие болатын өлшемшарттар пайдаланылады.
4. Әрбір өлшемшарттарға «uzdik», «zhaqsy», «ortasha», «nashar» бағаларының біреуіне тиесілі болатын дескрипторлар әзірленген.
Бағаға тиесілі балл:
«uzdik» – 4;
«zhaqsy» – 3;
«ortasha» – 2;
«nashar» – 1.
5. Білім беру ұйымын бағалау мен нақты бағыттар бойынша баға тиісінше төмендегі формулалар арқылы есептеп шығарылады:

мұндағы N – бағалар қосындысы және M – білім беру ұйымын бағалаулардың максималды қосындысы тиісінше мынадай формулалар арқылы есептеп шығарылады:

мұндағы Ni – бағалар қосындысы және Mi – i-шы бағыт бағаларының максималды қосындысы тиісінше мынадай формулалар арқылы есептеп шығарылады:

мұнда Р – i-шы бағыт бойынша j-шы өлшемнің бағасы, Рij= 1,... 4;
kij – салмақтық коэффициент, kij= 0,5, …..2,5;
i – бағыттың реттік саны, i=1,…6;
j – өлшемнің реттік саны, j=1, …10.
6. Бағаның пайыздық ара қатынасы төмендегідей анықталады:
«uzdik» – 87-100 %;
«zhaqsy» – 62-86 %;
«ortasha» – 37-61 %;
«nashar» – менее 36 %.
7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бағалау осы Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
8. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бағалау осы Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
9. Білім беру ұйымдарын бағалауды Комиссия өткізеді және бекітеді.
10. Комиссия құрамы, оның төрағасын қоса алғанда 3 адамнан кем болмауы тиіс. Білім беру ұйымының бірінші басшысы комиссия төрағасы болып табылады.
11. Дауыс беру қорытындылары Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
12. Бағыттар мен өлшемшарттар бойынша білім беру ұйымын бағалау нәтижелері Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
13. Қорытынды Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына4-қосымшаға сәйкес әрбір бағыт және негізінен білім беру ұйымы бойынша жеке-жеке бағалау парағы түрінде ресімделеді.

Білім беру ұйымдарын
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін
бағдарламарын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауға
арналған өлшемшарттар мен дескрипторлар

Р/с

Бағыттар мен өлшемшарттар

Баға

Дескрипторлар

1

Басшылық және басқару сапасы

1.1

Іс-әрекетті талдау және өзіндік бағалау (салмақтық коэффициент = 1)

uzdik

Іс-әрекеттің мазмұнын талдау – жүйелі мониторинг көрсеткіштерін қолдану арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметінің барлық бағыттарының баға сипаттамасына негізделеді және жалпылама қорытындыны қамтиды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымын дамыту бойынша қорытынды талдаудың объективті нәтижелеріне сүйенеді және дамыту бағдарламасының негізі болып табылады, онда ұжымның мақсат пен міндет қоюдан нәтижеге дейінгі іс-әрекеті қадағаланады. Өзіндік баға мектепке дейінгі білім беру ұйымының істері нақты жағдайымен үйлеседі және критерийлер мен дескрипторларға негізделеді.





zhaqsy

Іс-әрекеттің мазмұнын талдау – жүйелі мониторинг көрсеткіштерін қолдану арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметінің барлық бағыттарының баға сипаттамасына негізделеді. Қорытынды барлық бағыттар бойынша жалпылама сипатта емес және талдау нәтижелерімен арасында болмашы айырмашылығы бар, дегенмен олар дамудың негізгі бағдарламасы болып табылады, онда ұжымның мақсат пен міндет қоюдан нәтижеге дейінгі іс-әрекеті қадағаланады. Өзіндік баға мектепке дейінгі білім беру ұйымының істері нақты жағдайымен үйлеседі және критерийлер мен дескрипторларға негізделеді.





ortasha

Талдаудың туындау себептерін анықтамастан фактілер мен оқиғаларды констатациялау бетбұрысы бар. Мектепке дейінгі білім ұйымының қызметінің барлық бағыттарына мониторинг жүргізу жүйесі жоқ. Қорытынды талдау нәтижелерімен сәйкеспейді. Өзіндік бағалау мектепке дейінгі білім ұйымындағы істердің нақты жағдайымен үйлеспейді және критерийлер мен дескрипторлар бойынша талдауға сүйенбейді.





nashar

Талдаудың туындау себептерін анықтамастан фактілер мен оқиғаларды констатациялау бетбұрысы бар. Мектепке дейінгі білім ұйымының қызметінің барлық бағыттарына мониторинг жүргізу жүйесі жоқ. Қорытынды талдау нәтижелерімен толығымен сәйкеспейді. Өзіндік бағалау жоғарылатылған және мектепке дейінгі білім ұйымындағы істердің нақты жағдайын көрсетпейді. Өзіндік бағалау барысында критерийлер мен дескрипторлар бойынша талдау жүргізілмейді.

1.2

Стратегиялық даму мен ағымды қызметті жоспарлау (салмақтық коэффициент = 0,5)

uzdik

Даму стратегиясы сапа саясатын жүзеге асыруға бағытталған, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шынайылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теориялық негіздемесі мен ресурстар талдауы бар. Ағымды іс-әрекетті жоспарлау мектепке дейінгі білім беру ұйымын стратегиялық дамыту міндеттерінің аясында жүргізіледі және индикативті көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған. Жоспарланған міндеттер мен іс-әрекет талдауының өзара байланысы, іс-шаралардың оларды шешуге бағытталуы анықталады.





zhaqsy

Даму стратегиясы сапа саясатын жүзеге асыруға бағытталған, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шынайылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теориялық негіздемесі мен ресурстар талдауы бар. Ағымды іс-әрекетті жоспарлау мектепке дейінгі білім беру ұйымын стратегиялық дамыту міндеттеріне толық сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарланған міндеттер мен іс-әрекет талдауының өзара байланысы анықталады. Жоспарланған іс-шаралар қойылған міндеттерді шешуге бағытталған.





ortasha

Даму стратегиясының жеткіліксіз қарастырылған теориялық негіздемесі бар, қойылған мақсат пен міндетке қол жеткізудің шынайылығына күмән туғызатын қолда бар қордың барлық кешені есепке алынбай белгіленген. Ағымды іс-әрекетті жоспарлау кезінде мектепке дейінгі білім беру ұйымының стратегиялық даму міндеттері есепке алынбайды. Міндетті қою – іс-әрекетті талдаудан туындайтын проблемалар есепке алынбай іске асырылады.





nashar

Даму стратегиясының қарастырылған теориялық негіздемесі жоқ, қойылған мақсат пен міндетке қол жеткізудің шынайылығына күмән туғызатын қолда бар қордың барлық кешені есепке алынбай құрылған. Ағымды іс-әрекетті жоспарлау – немқұрайды іске асырылады, мектепке дейінгі білім беру ұйымының іс-әрекетін талдаудан туындаған проблемалар есепке алынбайды.

1.3

Функционалдық міндеттерді бөлу (салмақтық коэффициенті= 0,5)

uzdik

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіби және жеке мінездемелері есепке алынып, мектепке дейінгі барлық іс-әрекеттер толық қамтылып объективті бөлінеді. Әкімшіліктің жөнге келтірілген және жүйелі іс-әрекеті байқалады, іс-әрекет бағыты бойынша ақпаратты толық меңгерген. Ұжымның әрбір мүшесі өзінің функционалдық міндетін жоғары деңгейде орындайды. Кадрлық резервті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.





zhaqsy

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіби және жеке мінездемелері есепке алынып, мектепке дейінгі барлық іс-әрекеттер толық қамтылып объективті бөлінеді. Әкімшіліктің жөнге келтірілген және жүйелі іс-әрекеті байқалады, іс-әрекет бағыты бойынша ақпаратты толық меңгерген. Ұжымның әрбір мүшесі өзінің функционалдық міндетін орындайды. Кадрлық резервті қалыптастыру бойынша жұмыс ауық-ауық жүргізіледі.





ortasha

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің жеке мінездемелері есепке алынып, мектепке дейінгі іс-әрекеттің барлық бағыттары мен аспектілері толық қамтылмай бөлінеді. Өз іс-әрекетінің бағыты бойынша ақпаратты жеткіліксіз меңгергені байқалады. Ұжымның әрбір мүшесі өзінің функционалдық міндетін біледі, бірақ толық көлемде орындамайды. Кадрлық резервті қалыптастыру бойынша жұмыс немқұрайды жүргізіледі.





nashar

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіби, жеке мінездемелері есепке алынбай бөлінеді; мектепке дейінгі білім беру ұйымы іс-әрекетпен толық қамтылмаған. Ұжымның әрбір мүшесі өзінің функционалдық міндетін біледі, бірақ ауық-ауық орындайды. Кадрлық резерв қалыптастырылмаған.

1.4

Кәсіби даму және педагогтарды уәждемелеу (салмақтық коэффициенті= 0,5)

uzdik

Кәсіби дамудың балабақшаішілік жүйесі педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыруға бағытталған. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрі қолда бар әлеуетті мақсатты қолдануды және педагогтардың зерттеу мәдениетін белсенді қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Білім ұйымы әдістемелік жаңашылдықты енгізу бойынша қатысушы болып табылады.Халықаралық әріптестік ұйымдастырылған. Педагогтарды өзіндік жетілдіру үшін өзіндік дамуға және ақпараттық-білім ресурстарына қол жеткізу үшін жағдай жасалған. Ментор мектебі нәтижелі қызмет етеді. Педагогтарды ынталандырудың механизмі әзірленген.





zhaqsy

Кәсіби дамудың балабақшаішілік жүйесі педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыруға бағытталған. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрі қолда бар әлеуетті қолдануды және педагогтардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Білім ұйымы әдістемелік жаңашылдықты енгізу бойынша қатысушы болып табылады. Педагогтарды өзіндік жетілдіру үшін өзіндік дамуға және ақпараттық-білім ресурстарына қол жеткізу үшін жағдай жасалған. Педагогтардың өңірлік және республикалық деңгейдегі конкурстарда және жобаларға қатысуы. Ментор мектебі нәтижелі қызмет етеді. Еңбек нәтижелеріне байланысты ынталандыру жүйесі әзірленген.





ortasha

Кәсіби дамудың балабақшаішілік жүйесі классикалық әдістеме бойынша ұйымдастырылған, бұл – педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етпейді. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрі дәстүрлі және педагогтардың кәсіби дамуы бойынша барлық міндеттер кешенін көрсете алмайды. Педагогтарды өзіндік жетілдіру үшін өзіндік дамуларына және ақпараттық-білім ресурстарына қол жеткізу үшін жағдай жасалмаған. Ментор мектебі немқұрайды қызмет етеді. Педагогтарды ынталандыру ауық-ауық жүргізіледі.





nashar

Кәсіби дамудың балабақшаішілік жүйесі жоқ. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрі дәстүрлі және педагогтардың кәсіби дамуы бойынша барлық міндеттер кешенін көрсете алмайды. Педагогтарды өзіндік жетілдіру үшін өзіндік дамуларына және ақпараттық-білім ресурстарына қол жеткізу үшін жағдай жасалмаған. Ментор мектебі немқұрайды қызмет етеді. Педагогтарды ынталандыру ауық-ауық жүргізіледі.

1.5

Тәрбиенің және білім беру іс-әрекетінің барлық аспектілерінің сапасының мониторингісі және бағалануы (салмақтық коэффициент = 1)

uzdik

Жүйелі мониторинг білім беру-тәрбие үдерісінің барлық аспектілерін қамтиды, оның өнімділігінің көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады. Тиісті басқарушылық шешімдер объективті бағаланады және қабылданады. Алынған нәтижелер негізінде білім беру-тәрбиелеу үдерісіне түзетулер бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылады. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетін бағалаудың әзірленген және тиімді әрекет ететін рейтингтік жүйесі бар.





zhaqsy

Мерзімді мониторинг білім беру-тәрбие үдерісінің барлық аспектілерін қамтиды, оның өнімділігінің көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады. Тиісті басқарушылық шешімдердің бағалануы мен қабылдануының объективтілігі қамтамасыз етіледі. Алынған нәтижелер негізінде білім беру-тәрбиелеу үдерісін түзету бойынша белгілі бір жұмыс ұйымдастырылады. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетін бағалаудың әзірленген және тиімді әрекет ететін рейтингтік жүйесі бар.





ortasha

Мониторинг жүйесіз іске асырылады, білім беру-тәрбие үдерісінің жекеленген аспектілерін қамтиды. Бағалаудың объективтілігі қамтамасыз етілмейді және тиісті басқарушылық шешімдер қабылданбайды. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жетістіктерін бағалаудың механизмдері жоқ.





nashar

Білім беру-тәрбиелеу үдерісінің мониторингі жоқ. Бағалаудың объективтілігі қамтамасыз етілмейді және басқарушылық шешімдер жоқ. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жетістіктерін бағалаудың механизмдері жоқ.

1.6

Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы моральдік-психологиялық ахуал (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Басқарудың демократтық стилі байқалады. Әкімшілік ағымды істерді орындау барысында ұжымның пікірін назарға алады. Еңбектің ұйымдастырылуының жоғары деңгейі байқалады. Жұмыс үшін жайлы жағдай жасалған. Ұжым қалауы есепке алына отырып, ұйым іс-әрекетінің циклограммасы әзірленген. Іскерлік ахуал басым, басшылықтың ұжыммен өзара әріптестігінің жоғары деңгейі байқалады, бұл – қызметкерлерге жүргізілген сауалнама нәтижелерімен расталған. Өндірістік шиеленістер жоқ.





zhaqsy

Басқарудың демократтық стилі үстем. Әкімшілік ағымды істерді орындау барысында ұжымның пікіріне құлақ асады. Еңбектің ұйымдастырылуының жоғары деңгейі байқалады. Жұмыс үшін жайлы жағдай жасалған. Ұжым қалауы есепке алына отырып, ұйым іс-әрекетінің циклограммасы әзірленген. Іскерлік ахуал басым, басшылықтың ұжыммен өзара әріптестігінің жеткілікті жоғары деңгейі байқалады, бұл – қызметкерлерге жүргізілген сауалнама нәтижелерімен расталған. Өндірістік шиеленістер уақтылы шешіледі.





ortasha

Басқарудың авторитарлық стилі басым. Әкімшілік ағымды істерді орындау барысында ұжымның пікірін есепке алмайды. Жұмыс үшін жеткілікті жайлы жағдай жасалмаған. Ұйым іс-әрекетінің циклограммасы ұжым қалауын есепке алмайды. Ұжымның психологиялық ахуалы тұрақсыз. Ұжымда жүзеге асырылатын іс-әрекеттің жекеленген аспектілері бойынша келіспеушіліктер бар. Өндірістік шиеленістер уақтылы шешіледі.





nashar

Басқарудың авторитарлық стилі. Әкімшілік ағымды істерді орындау барысында ұжымның пікірін назарға алмайды. Жұмыс үшін жеткілікті жайлы жағдай жасалмаған. Ұйым іс-әрекетінің циклограммасы ұжым қалауын есепке алмайды. Ұжымның психологиялық ахуалы барынша тұрақсыз. Ұжымда жүзеге асырылатын іс-әрекеттің жекеленген аспектілері бойынша маңызды келіспеушіліктер бар. Әкімшілік кейбір кезде өндірістік шиеленістерді өз бетімен шешуге қабілетсіз.

1.7

Заңнаманың ережелері мен нормативтік талаптарын сақтау (салмақтық коэффициенті =1,5)

uzdik

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімшілігі мен ұжымы білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің ережелері мен талаптарын сақтайды. Оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс бағдарламалары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес. Бұйрықтар мен басқа ішкі актілер бекітілген талаптарға сәйкес ресімделген. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының іс-әрекеті білім саласы бойынша қолданыстағы заңнамаға толығымен сәйкестенеді.





zhaqsy

Мектепке дейінгі білім беру ұймының әкімшілігі мен ұжымы білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің ережелері мен талаптарын сақтайды. Оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс жоспарлары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес. Бұйрықтар мен басқа ішкі актілер бекітілген талаптарға сәйкес ресімделген. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының іс-әрекеті білім саласы бойынша қолданыстағы заңнамаға толығымен сәйкестенеді.





ortasha

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімшілігі мен ұжымы білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді біледі, бірақ ережелер мен талаптарды үнемі басшылыққа алмайды. Оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс бағдарламалары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес. Бұйрықтар мен басқа ішкі актілерді құру барысында белгіленген талаптарда кемшіліктер жіберілген, бұл үдеріске және нәтижеге болмашы әсер етеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметі білім саласы бойынша қолданыстағы заңнамаға толығымен сәйкестенбейді.





nashar

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімшілігі мен ұжымы білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді біледі, бірақ ережелер мен талаптарды үнемі басшылыққа алмайды. Оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс бағдарламалары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес емес. Бұйрықтар мен басқа ішкі актілерді құру барысында белгіленген талаптарда дөрекі қателіктер жіберілген, бұл үдеріске және нәтижеге ықпал етеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметі білім саласы бойынша қолданыстағы заңнамалар бұзылып жүргізіледі.

1.8

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының ағымды қызметін ұйымдастыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ағымды қызметті ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың функционалдық өкілеттіліктері айқын бөлінген. Ағымды қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін ішкі жергілікті актілерді ұтымды жоспарлау (қызметтің барлық бағыттары бойынша жұмыс жоспарлары, ережелер, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережелері, циклограммалар және т.б.). Жоспардың орындалуы және қойылған міндеттерге қол жеткізілуі байқалады. Іс-әрекет жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуына бақылау ұйымдастырылады. Жоспарланған іс-әрекетке шұғыл түрде жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі.





zhaqsy

Ағымды қызметті ұйымдастыруға және ағымды қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін ішкі жергілікті актілерді жоспарлауға жауапты тұлғалардың функционалдық өкілеттіліктерінің бөлінуінің болуы (қызметтің барлық бағыттары бойынша жұмыс жоспарлары, ережелер, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережелері, циклограммалар және т.б.). Жоспарлардыңдың орындалуына уақтылы және сапалы орындалуына бақылау ұйымдастырылады. Жағдайға байланысты жоспарланған іс-әрекетке шұғыл түрде түзетулер енгізіледі.





ortasha

Ағымды қызметті ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың функционалдық өкілеттіліктерінің бөлінуі айқын емес. Ағымды қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлаушы құжаттамада нақтылық жоқ (қызметтің барлық бағыттары бойынша жұмыс жоспарлары, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережелері, циклограммалар және т.б.). Жоспарланған іс-шаралардың орындалу мерзімдерінің негізделмеген бұзылыстары байқалады. Іс-әрекеттің уақтылы және сапалы орындалуына бақылаудың әлсіз ұйымдастырылуы байқалады. Қажетті түзетулер енгізу бойынша басқарушылық шеешімдер жоқ.





nashar

Ағымды қызметті ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың функционалдық өкілеттіліктерінің бөлінуі айқын емес. Ағымды қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлаушы құжаттамада нақтылық жоқ (қызметтің барлық бағыттары бойынша жұмыс жоспарлары, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережелері, циклограммалар және т.б.). Іс-әрекеттің уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жасалмайды. Қажетті түзетулер енгізу бойынша басқарушылық шеешімдер жоқ.

1.9

Ресурстарды пайдалану (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Тәрбие мен білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану. Ресурстарды тиімді пайдалануға жүйелі бақылау жүзеге асырылады. Қолда бар ресурстарды сақтау және оны жаңарту бойынша іс-әрекет даму бағдарламасына сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асырылады.





zhaqsy

Тәрбие мен білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қолда бар ресурстарды пайдалану. Ресурстарды тиімді пайдалануға ауық-ауық бақылау жүзеге асырылады. Қолда бар ресурстарды сақтау және оны жаңарту бойынша іс-әрекет даму бағдарламасы есепке алынбай жоспарлы түрде жүзеге асырылады.





ortasha

Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау немқұрайды сипатта және білім сапасын арттыру мақсатын есепке алмайды. Қолда бар ресурстарды сақтау және оны жаңарту бойынша іс-әрекет жүйесіз орындалады.





nashar

Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау немқұрайды сипатта және білім сапасын арттыру мақсатын есепке алмайды. Қолда бар ресурстарды сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Адами ресурстарды жүзеге асыру мектепке дейінгі білім ұйымын дамыту стратегиясында көрінбейді.

2.

Тәрбиелеу мен оқытудың сапасы

2.1

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары туралы нақты білмдері(салмақтық коэффициент = 0,5).

uzdik

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының туралы нақты білім мазмұнын меңгерген. Барлық білім беру салалары бойынша еркін бағдар жасай алады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру нәтижелерін ескере отырып, қойылатын талаптарды біледі, өзінің педагогикалық қызметінде негіз ретінде қолданады.







zhaqsy

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының туралы білім мазмұнын меңгерген. Барлық бағыттағы салалардың білім беру мазмұны бойынша бағытты жақсы біледі. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының білім беру нәтижелерінің ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды біледі.





ortasha

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары туралы білім мазмұнын меңгерген. Барлық салалардың білім беру мазмұны бойынша білу бағыты жеткіліксіз. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының білім беру нәтижелерінің ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды білмейді.





nashar

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары туралы білім мазмұнын нашар меңгерген. Барлық салалардың білім беру мазмұны бойынша бағыты жоқ. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының білім беру нәтижелерінің ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды білмейді.

2.2

Сабақты жүргізу әдістемесін игеру (салмақтық коэффициент = 0,5).

uzdik

Мектепке дейінгі педагогика саласында терең ғылыми білімді игереді. Берілген сала бойынша оқиғалардан, деректерден және жаңалықтардан хабардар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің өмірі мен іс-әрекетінің негізгі принциптерін ұйымдастыра біледі. Мектепке дейінгі оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері толық меңгерген. Мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық технологияны тиімді пайдаланады. Әрбір тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, сараланған тәсілді сауатты жүзеге асырады. Ынтымақтастықтың түрлерін кеңінен пайдаланады (жұптық, үштік, топтық жұмыс т.б.). Тәрбиеленушілердің ойлау қызметін арттыру үшін сабақтың мақсатына қарай икемділік танытып, проблемалық ахуал туғызады. Пәнаралық байланысты ұйымдастыруда өзінің білімін пайдаланады.





zhaqsy

Мектепке дейінгі педагогика саласында терең ғылыми білімді игереді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің өмірі мен іс-әрекетінің негізгі принциптерін ұйымдастыра біледі. Мектепке дейінгі оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері меңгерген. Мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық технологияны пайдаланады. Репродуктивті әдісті оқытуды қолданады. Әрбір тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, сараланған тәсілді жүзеге асырады. Ынтымақтастықтың түрлерін қоладнады (жұптық, үштік, топтық жұмыс т.б.). Тәрбиеленушілердің ойлау қызметін арттыру үшін проблемалық ахуал туғызады. Пәнаралық байланысты ұйымдастыруда өзінің білімін пайдаланады.





ortasha

Мектепке дейінгі педагогика саласында білімді жеткіліксіз. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің өмірі мен іс-әрекетінің негізгі принциптерін ұйымдастыруда білім әлсіз. Мектепке дейінгі оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері меңгерген. Тәжірибеде дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін қолданады. Әрбір тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, сараланған тәсілді жүзеге асырмайды. Тәрбиеленушілерге проблемалық ахуал туғызады, бірақ ойлау қызметін арттыруға толық пайдаланбайды.





nashar

Мектепке дейінгі педагогика саласы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің өмірі мен іс-әрекетінің негізгі принциптерін ұйымдастыру деңгейі төмен. Мектепке дейінгі оқытудың классикаық әдістемесін меңгереді. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда қиыншылық туғызады. Тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескермейді. Тәрбиеленушілерге ойлау қызметін арттыруда проблемалық ахуал туғызбайды.

2.3

Сабақтағы жағымды психологиялық ахуал (салмақтық коэффициент = 0,5).

uzdik

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін жоғары деңгейде біледі және өз қызметінде пайдаланады. Барлық тілдік қатынасты дамыту негізінде тәрбиеші-тәрбиеленуші, тәрбиеленуші-тәрбиеленуші іс-әрекетін шебер ұйымдастырады. Қолайлы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай құру тәсілін меңгерген. Қарым-қатынастың демократиялық тәсілін қолданады.





zhaqsy

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін біледі және өз қызметінде пайдаланады. Барлық тілдік қатынасты дамыту негізінде тәрбиеші-тәрбиеленуші, тәрбиеленуші-тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастырады. Қолайлы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай құру тәсілін меңгерген. Қарым-қатынастың демократиялық тәсілін қолданады.





ortasha

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін біледі және өз қызметінде пайдаланбайды. Барлық тілдік қатынасты дамыту негізінде тәрбиеші-тәрбиеленуші, тәрбиеленуші-тәрбиеленуші іс-әрекетін мезгілінде қолданады. Шығармашылық жағдай құру тәсілін қолданбайды. Қарым-қатынастың демократиялық тәсілі басым.





nashar

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктері

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив