02
апрель
2021
«Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту»

тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті
2021 жылдың 19 наурыз күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» жобасының аясында «Үздік педагог-2013» байқауының жеңімпазы, Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Бектіғұлованың «Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өткізілді.
Іс-шара барысында Н.Бектіғұлова «Ұстаз – ұлы есім» бейнетаспасымен, педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қағидасы, тілдік дағдыларды қалыптастыру жолдары мен тілді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері, қазақ тілін деңгейлеп оқытудың басты ұстанымдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 110 педагог қатысты.