22
февраль
2021
"Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту"
2021 жылдың 16 ақпанында Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында ZOOM платформасы арқылы "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында пән мұғалімдерімен вебинар өткізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Л.С.Байтугелова, В.Т.Байгашева, Л.Ж.Иманбекова білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі және халықаралық зерттеулер бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды. 4,9--сыныптарда болатын білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулердің негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы PISA индикаторлары туралы әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.