14
январь
2021
"Диструктивті діни ағымдар идеологияларының алдын алу"
Бүгінгі қоғамдағы білім алушы жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында 2021 жылдың 14 қаңтар күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында 9"Ә" сынып оқушыларымен "Зайырлы және дінтану" пәнінің мұғалімі Етекбаева Л. М. "Диструктивті діни ағымдар идеологияларының алдын алу" тақырыбында қашықтықтан әңгіме сабағын өткізді. Онда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ярных Ю. М. және мектеп психолгтары Ойшиева Г. Д., Тотаева Л. К. және мектеп инспекторы Оспанбеков Е.А. қатысты. Бүгінгі таңда жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте, қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз. Сондықтан шеттен келген теріс пиғылды күштердің ықпалына төтеп беретін ең тиімді жол Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында атап көрсетілгендегі ұлттық құндылықтарды, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрлымын, қазақ елінің тарихи мұраларын жаңғырту арқылы ғана қол жеткізе аламыз.