Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп
гимназиясында Елбасымыздың «Болашаққа
бағдар: рухани жанғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында жүргізілген
іс-шаралар.
2018-2019 оқу жылы
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін
мектеп - гимназиясында 2018 жылдың 1 қыркүйегінде Білім күніне арналған «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие
жүйесіндегі ролі!» тақырыбында салтанатты жиынға мектеп алды даярлық тобына
11 сынып аралығына дейінгі оқушылар, ұстаздар, ата-аналар және қонақтар
қатысты. Салтанатты жиында 2018 оқу жылы баршамыз үшін маңызды тарихи
оқиғаларға, яғни Қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару
Астанаға 20 жыл! Тарих үшін қас – қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз
ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақытта емес секілді. Қалай
болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің
нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен
де, бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Осыдан
тура 25 жыл бұрын астананы ауыстыру идеясы алғаш жария етілгенде, бұл тым
«ұшқары» пікірдің қаптаған қарсыластары түгіл, ат төбелететіндей жақтастары да
айналасы 20 жылдың ішінде ел кіндігі Арқа төсінде осындай заманауи мегаполис
бой көтерді. Астана – Қазақстан тәуелсіздігінің тұғыры. Еліміздің елордасы
Ақмолаға қоныс аударғаннан бері өткен 20 жыл мемлекетіміздің қауіпсіздігін,
геосаяси еркіндігін, территориясын мызғымастай беріктігін, ел экономикасы
қарқынды даму стратегиясын қамтамасыз еткен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы
бетбұрыс кезең болып табылады. Жиырма жыл ішінде Астана Қазақстанның шынайы
тәуелсіздігі мен егемендігін паш еткен мемлекеттік орталық болып танылды. Болашақта
да елдіктің ерен елордасы – Астанада ғасырлар бойы Қазақстан халқының азат азат
ойы мен мүдделері, асқақ арманы мен мақсаттары іс –жүзіне асырыла беретін
болады. 1 қыркүйек – «Білім күніне» орай ал осы оқу жылындағы ең алғашқы сабақтың
тақырыбы «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесіндегі ролі!».
Салтанатты жиында ортаға 1 сынып оқушылары
шыққан соң мемлекеттік гимнің орындалуымен ашық деп жарияланып, мың
бұралған мектебіміздің «Еркемай» би тобының қазақша биіне ұласты. 1 сынып оқушылары мектеп, ұстаздарына
арналған тақпақ, әндерін айтып көпшіліктің көңілінен шықты.
,
2018 жылдың 10 қыркүйек күні Рухани жанғыру мақаласын жүзеге асыру
мақсатында «Дені сау жанұя-дені сау
мемлекет» Ұлттық бағдарламасының
өмір бойы тетігі репродуктивті денсаулық сақтау, денсаулықты нығайту үшін жанұя
институтының маңыздылығын жоғарлату мақсатында өткізілді.. 10 қыркүйек күні
мектептің 7-10 жас 1-4 сыныптардың аралығында ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас
туралы сынып сағаты өткізілді. Қамтылған оқушылар саны -100. 11-14 жас 5-8
сынып аралығында «Өз болашағың өз қолыңда» репродуктивті денсаулық, өсімталдық
денсаулық сынып сағаты ата-аналардың қатысуымен бірге өткізілді.15-17 жас 9-10
сынып аралығында ар-намысыңды таптама медбикелердің қатысуымен отбасы күніне
арналған тәрбие сағаты өткізілді. Жалпы қамтылған оқушы саны – 350.
2018 жылдың
22 қыркүйек күні «Рухани жанғыру» мақаласын жүзеге асрыу мақсатында «Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесін»
атап өттік. Тілдер мерекесінің өтуіне 7
«Ә» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Султанқұлова А.С., 9 «В» сынып
оқушыларымен сынып жетекшісі Сымтыкова Р.М. жауапкершілікті өз мойындарына алып
өткізді. Әр ұлттың өкілдерінің киімдерін
киіп әдет ғұрпын айтып киімдерін киді. 11«А» түрік биін биледі. 10 «А»
Жексенбиева Ұлғаным «Ана тілі» тақпағын оқыды. 6 «А» сыныптың қыздары
«Еркем-ай» бишілер тобы қазақ биін биледі. 9 «Г» сынып оқушысы Асантаев Айбол «Қазақ елі» атты ән орындады.