11
март
2018
Жас қыран
Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Жас қыран» балалар үйымына қабылдау салтанатты жиынының ақпараты.
2017-2018 оқу жылы.
«Жас қыран» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиыны 15.12.2017 жылы мектеп дәлізінде өткізілді. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен құрылған біріңғай «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына бүгінгі салтанатты қабылдау рәсіміне 2 ші сыныптар арасындағы ең белсенді әрі озат оқушылар қатысты. Мерекелік жиында 2 «А» сынып оқушысы Байбосын Нурислам «Қазақстан» әнін орындады. ¥лан басшы Қадыркулова Жанеля АНТ берді. Каримова Амина «Мой Казакстан» атты тақпақ оқыды. Қүттықтау сөзі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ярных Юлия Михайловнаға берілді. Ол «Жас қыран» қатарына қосылған балаларды құттықтады. 2 «Ә» сынып оқушысы «Мен үлгілі баламын» атты әнін орындады. 2 «3» сынып оқушысы Қүралбай Рауияттың қазақша би биледі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жастарға үлкен уміт артып былай деп айтқан «Жастар елдің болашағы». Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулесі болуы соларға байланысты. Олардың орнын бүгінгі Тәуелсіздік балалары басатын болады деген екен. Осылайша мерекелік жиын соңына жетті.