16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні өткізілген
мерекелік іс-шара туралы ақпарат
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 26 жыл толды.
Мектепішілік жоспарға сәйкес 2017 жылдың 15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!» атты салтанатты жиын аталып өтті. Бұл жиынды 11 «Б» сынып дайындап (сынып жетекшісі Отарбаева А.А.) керемет мерекеге айналдырды. Мектеп өнерпазды оқушылар мектеп ұжымына мерекелік кешті ұсынды. Мерекелік концерттік бағдарламаны 3 «Ә» бишілер тобы көркем биімен ашты. Атап өтсек, олар Оразқұлов Ә, Байбосын Н., Байбосын Ә., Дәбер Ә.,Рахым А., Нияз Н. секілді оқушылар өз өнерімен мерекенің мәнің көрсете білді. Әдеби оқу көрсеткен оқушылар Жексенбі Ринат пен Бекназар Абылай өз өлеңдерімен Желтоқсан құрбандарын еске түсіре отырып, жан дүниені қозғады. Көрермендер назарын ерекше «Мәңгілік Ел»композициясымен 4 «Ә» сынып оқушылары аудары білді.
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне 26 жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.
Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.