«100 жаңа есім» Ережепов Мақсат Мұратбекұлы
Қараша айының жиырмасы күні №17 И.И.Трубицын атындағы орта мектеп-гиназиясында Жамбыл облысының ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Ережепов Мақсат Мұратбекұлымен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты «100 жаңа есім» жобасы міндеттерін іске асыру, Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді кейінгі ұрпаққа таныту, үлгі ету. Жас жеткеншектердің тың пікірлермен ой бөлісіп сұхбаттасу. Пікірлесу арқылы туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіндіру. Құрметті қонақты 8 сынып оқушылары сап түзеп, қошеметпен төрге шығарды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы сөз сөйлеп ашты. Ережепов Мақсат Мұратбекұлының ерен еңбегін жоғары бағалады. Кездесуде мектептен түлеп ұшқалы отырған 10-11-сынып оқушылары «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойларына, мамандықтың бәрі жақсы, егер көзін тауып еңбек етсеңіздер, сондай мамандықтардың бірі полиция қызметкерлері екендігі айтылды. Жамбыл облысы ішкі істер департаментінде Отан, Абырой және Парыз ұғымдарын бәрінен де жоғары қоятын қызметкерлер жұмыс жасайды. Жамбылдық полицейлер өз тағдырларын осындай қиын мамандыққа бағындырған. Шын мәнінде, полиция қызметі – рухы мықты адамдардың қызмет саласы, бұл нағыз ерлердің мамандығы! Осындай маман иесі кездесудің қонағы полиция полковнигі Ережепов Мақсат Мұратбекұлына арналған таныстырылым көрсетілді. Таныстырылымда полиция қызметкерлерінің адам өміріне араша түсетіні, күндіз болсын, түн жарымы болсын адамдарға көмектесуге дайын тұратыны, адамдарды өрттен, судан, нашақорлардан, маскүнемдерден құтқаратыны, көптеген адамдарды ажал тырнағынан арашалап қалатыны, бұл кезде олар өз өмірлері туралы ойламайтыны, өз басына төнген қауіп-қатерді елемейтіні туралыы айтылып көрсетілді. Құрметті қонаққа 10-11 сынып оқушылары өздерінің сауалдарын қойды, Мақсат Мұратбекұлы оқушлардың сауалдарына өте жақсы жауап берді, өзінің өмірінің мысалында, еңбегінің мысалында көптеген кеңестер беріп, тәрбиелік мазмұны бар толық жауап қайтарды. Сондай-ақ «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер»- деп, келген қонақтан қонақ кәде сұрады, Мақсат Мұратбекұлы көрерменге арнап ән айтып берді. Мектебіміздің «Алтын белгі» төсбелгісінің үміткері 11 А» сынып оқушысы Өмірзақова Толқын құрметті қонаққа алғысын білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды. Кездесуге келген мектебіміздің қадірлі қонағы мектеп түлегі Мақсат Мұратбекұлына «Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну-үлкен бақыт», бүгін бізбен бірге болып, алтын уақытын қиып, мектебіміздің іс-шарасына арнайы келіп ой бөліскеніне алғыс білдірілді. Салтанатты жиын 8 «Ә» сынып оқушылырның «Атамекен» әнін хормен орындауында жабылды. Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мақсатына жетті.