"Ұдайы өсудің түрлері"
2021 жылдың ақпан айында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында жаратылыстану пәндері айлығы болып өтті. Айлық барысында география пәнінің мұғалімдері Наушабаева Н.О 8- сынып оқушыларымен "Ұдайы өсудің түрлері", Ерікқызы Г 6-сыныппен "Фотосинтез үдерісі неге жүреді?", Орынбаева Н.Т 5- сынып оқушыларымен "Энергия көздері мен түрлері" және 11- сыныппен "Импортты алмастыру арқылы отандық өндірушілерді қолдау " тақырыптарында ашық сабақ өткізді. Әдістемелік бірлестік мұғалімдері арасында "География пәнінде оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері" тақырыбындағы шеберлік сыныбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. ZOOM платформасы арқылы «Қызықты жаратылыстану» және «Жас зерттеушілер» тақырыбында сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар жаратылыстану ғылымы туралы көп мәліметтер біліп, оқуға қызығушылықтары артты.