Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 2019 жылдың 5 сәуірі мен 5 мамыр аралығындағы «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес» айлығында іс-шаралардың өткізілгендігі туралы ақпарат.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының
2019 жылдың 5 сәуірі мен 5 мамыр аралығындағы «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес» айлығында іс-шаралардың өткізілгендігі туралы ақпарат.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 5 сәуірі мен 5 мамыр аралығындағы «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес» айлығы өткізілді.
5 сәуірде 6 -11 сыныптар арасында лездемеде айлықтың ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу лездемесінде ДҚТЖО Л.А.Шидакова айлықтың ашылуы туралы сөз сөйлеп, оқушыларды есірткі мен нашақорлықтан, барлық зиянды заттардан аулақ болуға шақырды.
Алкогольге және есірткіге қарсы «Нашақорлық – ғасыр дерті!» тақырыбындағы сынып сағаттарын 1-11 сынып жетекшілері өткізді. Үздік сынып сағаттары Ахмеджанова Г.А. 1 «Ж», Кулыгина Л.Г.3 «И», Тұрсынов Ж.Т. 6 «А», Банникова Т.Б. 7 «Б», Максутов Р.Ш. 10 «Б», Адибаева Р.Б. 7 «А».
5-15 сәуір аралығында «Есірткілер туралы не білесің?» (8-9 сыныптар), «Мен нашақорлыққа қарсымын» (10 сыныптар) атты қабырға газеттері байқауын Тыныбеков С.С. мен Айнакулова К.А. сынып жетекшілер ұйымдастырып өткізіп ең үздік деген суреттерді марапаттады. 8 «А», 8 «Ә», 9 «Е»,10 «А», 10 «В» белесене қатысқан сыныптар. Ең үздік Ерланқызы Меруерт 8 «А» сынып жұмыстары болды.
11 сәуірде 2019 ж. құқық қорғау органдары ІІБ, прокуратураның қызметкерлерімен 8-11 сынып оқушыларына мектеп директоры Тлеубердиева Г.Е., ДҚТЖО Шидакова Л.А. және мектеп инспекторы Оспанбеков Е.А. кездесу өткізді.
6 сәуірде Республикалық Ғылыми Орталық материалдары бойынша 8-11сынып жетекшілеріне Шидакова Л.А., сынып жетекшілер әдістемелік бірлестік жетекшілерімен семинар-тренинг өткізді.
Айлық бойы және 20 сәуірде 9-10 сынып оқушыларына Хальфутдинов Т.М.., Шидакова Л.А. «Марихуанна» тақырыптарына бейне - роликтер көрсетті. Оқушылар бейне - роликті тамашалап болған соң өте жоғары әсер алғандарын, тәлім-тәрбиеге қатысты көп мәліметтер жинағандары туралы жазып қалдырды. Бейне - роликтің аяқталуымен ДҚТЖО Шидакова Л.А. қатысушы оқушыларға нашақорлықтың зияндығы туралы ескертпе-парақшалар, ал сынып лидерлеріне «Наркопост» журналын таратты.
Айлық барысында ДҚТЖО Шидакова Л.А., әлеуметтік педагог Рахметова Ф.Т., мектеп инспекторы Оспанбеков Е.А. және әскери дайындық мұғалімі Андриянов А.Н. сабақ уақытысында есірткі заттарын, темекі шегіп жүрген оқушыларды анықтау мақсатында мектепішілік рейд жүргізді. Рейд барысында ешқандай оқушы анықталған жоқ.
12 сәуірде «Мен нашақорлыққа қарсымын!» тақырыбында қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері 9-10 шығармалар, 5-6 сыныптар арасында «Нашақорлық – болашаққа жасалған қастандық» эссе байқауын өткізіп, орын алған оқушыларды марапаттады. 10 «В» сынып оқушысы Чуканова Анель, Ворожбит Виктория және Реш Ларианна үздік шығарма және 6 «Б» сынып оқушылары Атабаева Ясмина, Максут Дария, Арипова Шахзода, Амреев А. ең үздік эссе жазды. Барлық қатысқан оқушылар грамоталармен марапатталды.
25 сәуірде «Есірткі заттардың ағзаға тигізер әсері» тақырыбында 8-11 сынып ата-аналарына арналған дәріс жиналысы өткізілді.
Мектеп медбикесі Барменкулова А.Б. және Батиева Д. 9-11 сынып ата-аналарымен «21-ғасыр есірткісіз өмір» тақырыбында әңгіме жүргізді.
Айлық барысында Шидакова Л.А. мектепішілік тәуекел тобында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты оқушылармен олардың темекі заттарына еліктегіштігін байқау мақсатында жеке әңгімелер жүргізді. Әр оқушымен жекелеген әңгімелер ай бойы жүргізілді.
3 мамыр күні айлық қорытындысы бойынша айлыққа қатысқан үздік сыныптар марапатталды.