Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» атты кездесу – кешінің
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» атты кездесу – кешінің Мектеп жоспарына сәйкес 2019 жылдың 13 ақпаны күні Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» атты кездесу – кеші өтті. Кездесу кешінің мақсаты:Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Кеш мектептің кино залында 9-10 сынып оқушыларының және Ауған соғысының ардагерлері: Зарипов Мухитдин Садретдинович. Байдаулетов Муратбек Әшімұлы., Шарафутдинов Асхат Махмудович.,Кахраманов Тофик Клышович, Банников Анатолий Павлович қатысуымен өтті. Кешті 9 «Ә» сынып оқушылары ұйымдастырып өткізді Кешті 9 «Ә» сынып оқушылары Керімбай Елнар қазақ тілінде, Тулепберген Айбек орыс тілінде жүргізді.Кеш ардагерлерді қошеметпен қарсы алумен ашылды. Кештің ашылу ағылшын тілі пәні мұғалімі Базарбаев Еркебұлан Базарбайұлының «Черный тюльпан» әнімен басталды. Келесі кезекте мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы сөз алып ардагерлерге ерлігі үшін алғыс білдіріп, келешек ұрпаққа елінің патриоты болуға шақырды. Кеш барысында ардагерлерге арналған өлең жолдары оқылды. Сондай-ақ «Ауған вальсі» театрланған музыкалық көрініс көрсетілді. Ауған соғысы ардагерлерінің мектепте оқитын ұл қыздары, 10 «В» сынып оқушысы Банникова Екатерина мен 6 «В» Зарипов Алишер ардагер әкелеріне арнап, алғыс өлеңдерін оқыды. Кеш барысында Ауған соғысының сұрапыл 10 жылына тоқталып тарихқа шолу жасалынды. Ауған соғысында қаза тапқан Меркілік жауынгерлер мен сол соғыста қаза болған барлық батырларымызды еске алу үшін, 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Кешті ұйымдастырған 9 «Ә» сынып оқушылары «Письмо Маме”, «Көк тудың желбірегені» әндерін хормен орындады. Сондай-ақ кеште 10 «В» сынып оқушылары Мелисбек Нуриля мен Чуканова Анеля «Афганистан» әнімен жиналған көрерменді тебірентті. Кеш барысында ардагерлер сөз алып, олар соғыс туралы естеліктері мен бүгінгі кештен алған әсерлерін айтып, алғыс сөздерін жеткізді. Кеш соңында 9 «Ә» сынып оқушылары кешке қатысқан барлық Ауған соғысы ардагерлеріне өз қолдарымен жасаған, колаж түрінде естелік сыйлықтарын ұсыныды. Кеш көңіл тебірентетіндей, әсерлі жақсы деңгейде өтті.