Пока мы помним - мы живем
№17 Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-
Гимназиясында 2017-2018 оқу жылындағы 14 ақпан 2018 жылы өткізілген «Пока мы помним - мы живем » тақырыбындағы өткізілген іс-шара туралы
«Пока мы помним - мы живем» тақырыбында 2018 жылы ақпан айының 14 жұлдызында 9 «А» сынып оқушылары ұйымдастыруымен іс- шара болып өтті.
Іс-шара қонақтары Ауған соғысының ардагерлері Байдаулетов М. Банников А. Зарипов М. қатысуымен өтті. Оқушылар кешті оқиғаның тарихи маңызы туралы деректерден және бейнефильм арқылы баяндаудан бастады. Келген ардагерлерге сөз беріліп қазіргі жастарға заманға байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып жарқын болашаққа ұмтылуға кеңестер берді.
Оқушылар Шамшидин А.,Джамшибек А., Даулетиярова А.,Қаймолдаева Л.,Сабырова А. өз жүректерінен шыққан өлең жолдарын арнап, көрініс қойды. Көрініс ауған соғысына аттанған солдат өмірінің басынан кешкен күнделігі жайлы баяндалды,өте эсерлі етіп қойылымға қатысқан оқушылар Маратқызы Н.,Жексенбі Р., Хасидан Б.
Іс-шара жүргізушісі Болатова С.,Кеңесбек Ұ.,Сарсен А. қонақтар мен көрермендерге тақырыпқа байланысты тарихи деректер оқып, отбасы-мектеп- оқушы арасындағы байланыс осы барысында алатын тәртіп-білім-иман- адамгершілік туралы ойымен аяқтады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ярных Ю.М. қорытынды сөзінде, осы тақырыпты ардайым өткізу сіздердей орны бөлек тұлғаларды қоғам есінде сақталып қалуына себеп болуын айтты.