Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында өткізілген "Қамқорлық" қайырымдылық акциясы туралы мәлімет
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін
мектеп-гимназиясында өткізілген
"Қамқорлық" қайырымдылық акциясы туралы
мәлімет
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 9 қаңтар 2019 жылғы №4 бұйрығына сай мектепте 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.
Акцияның мақсаты: көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларды нақтылау, оларға әлеуметтік көмек көрсету. Мектепте әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау,
0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.
Мектепте акцияны ұйымдастыру және өту барысы туралы іс-шаралар жоспары бекітілді. «Қамқорлық» акциясы туралы ақпараттық стенд дайындалды. Осы мерзім аралығында дәлелсіз себептермен және оқудан жалтарған оқушыларды айқындау мақсатында мектепке тиісті шағын ауданының көшелері, көңіл көтеретін орындар, орталық базар, үйлердің жертөлілері араланып шықты. Рейд барысында мезгілсіз жүрген оқушы анықталған жоқ.
Акцияға барлық сыныптар өз үлесін қосып, белсенді қатысты. Әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға демеушілік жасаған гимназия сыныптарының ата-аналары.
Айлық барысында мектепте «Мейірімділік», «Қайырымдылық» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
Акция айлығы туралы ақпарат «Меркі ақиқаты» газетіне жарияланды.
Акция айлығында 27 оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде көп балалы отбасы оқушысы -7, аз қамтылған отбасы оқушысы – 11, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы оқушысы – 4, жартылай жетім отбасы оқушысы – 3, жайсыз отбасы оқушысы -2.
Орындаған: әлеуметтік педагогтар
Г.Г.Мырзахметова
Ф.Т.Рахметова