«Жаратылыстану – ғылыми пәндерді оқыту: тәжірибесі мен келешегі»
2020 жылдың 23 желтоқсанында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында «Жаратылыстану – ғылыми пәндерді оқыту: тәжірибесі мен келешегі» тақырыбында ZOOMплатформасында тәжірибелік вебинар өтті. Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын арттыруға,олардың ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, терминдердің ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға болады. Осы мақсаттағы вебинарда информатика пәнінің мұғалімі Қарымсақова Динара Болатбекқызы «Информатика сабақтарында ағылшын тілін қолдану» , биология пәнінің мұғалімі Куланова Рыскүл Мұхтарқызы «Методы и приемы преподавания биологии на английском языке», физика пәнінің мұғалімі Қожаназарова Индира Намазбекқызы «Использование английского языка на уроках физики: примеры заданий по технологии CLIL» тақырыптарында өз іс – тәжірибелерімен бөлісті.