03
декабрь
2020
"Қашықтықтан оқыту шеңберінде оқу платформаларының тиімділігі"
2020 жылдың 2 желтоқсанында Иван Трубицын атындағы 17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 5-11-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне "Қашықтықтан оқыту шеңберінде оқу платформаларының тиімділігі" тақырыбында вебинар өтті. Өткізілу мақсаты-білім сапасын арттыру мақсатында оқу платформаларын сабақта қолданудың тиімді жолдарын көрсету. ZOOM платформасында өткен вебинарда тарих пәнінің мұғалімдері Тұрсынов Ж.Е "Білім алушылардың оқу сапасын арттыруда интернет платформаларды тиімді қолдану", Айнакулова М.Р "Создание и применение "Google формы", "Google класс" на уроках истории", Суталиева Г.М "ZOOM платформасында топқа бөлу әдісі" тақырыптарында өз іс- тәжірибелерімен бөлісіп, қашықтықтан оқыту кезіндегі ең тиімді әдістер туралы айтты.