18
ноябрь
2020
"Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары"
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында педагогтік кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен жас мамандар үшін "Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары" тақырыбында оқыту семинары өтті. Бұл семинарға жас ұстаздардың тәлімгерлері де қатысты. Тәлімгер ұстаз Тұрарова Айбат Маратқызы қысқа мерзімді жоспардың жазылу құрылымына түсінік берді. Сабақтың өзгеше өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жас мамандар оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету осы қысқа мерзімді жоспарда жоспарланатынын білді. Семинар ZOOM платформасында өтті.