«Бала құқығы адам құқығы» 10 «Г» сынып
Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында «Бала құқығы адам құқығы» тақырыбында 19 қараша мен 30 қараша аралығында онкүндік жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар атқарылуда.
21.11.18 жылы «Маған өмір қымбат» тақырыбында 10 «Г» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Наушабаева Нұргүлім тренинг сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділікпен ат салысып, жауап берді. Сабақ барысында атап айтар болсақ «Мен өмірді сүйемін» тақырыбына шығарма үш тілде оқыды, «Маған өмір қымбат» аясында көрініс көрсетілді, «Өмір» деп аталатын қара сөз оқылып, Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен қорытындылады. Сабақта көрнекілікпен жабдықталып, слайдтар көрсетілді. Сабақты тамашалауға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері қатысып өз бағасын берді.