10
ноябрь
2020
Әбу Насыр әл-Фарабидің олимпиада
ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша қашықтықтан халықаралық олимпиада өткізді. Олимпиадаға 10-сынып оқушылары қатысты. Иван Трубицын атындағы 17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары осы олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, биология пәнінен 10 "а" сынып оқушылары Ашимқұл Еркежан, Уаис Гүлім - 1-орын (пән мұғалімі Әлденбекова Ә), 10 "ә" сынып оқушысы Сәдібай Ақнұр - 3-орын ( пән мұғалімі Тұрарова А), химия пәнінен Теңізбай Жайна - 2-орын (пән мұғалімі Тұрарова А), математика пәнінен Гаипбаева Нафиза - 3 -орын (пән мұғалімі Копбосунова М.К), география пәнінен Абдуллаева С - 1- орын, Раимбаева Г -2-орын (пән мұғалімі Худайбергенов Ф.А), Ерен Марлен - 3-орын ( пән мұғалімі Наушабаева Н). Жеңімпаз оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз.