29
ноябрь
2018
1 «Г» «Colours» (Түстер)
Сынып: 1 «Г» (ІІ топ)
Қатысқаны: 13
Қатыспағаны: -
Пәні: ағылшын тілі
Мұғалім: Даниярова М.Н.
Сабақтың тақырыбы: «Colours» (Түстер)
Негізгі мақсатым: Тақырыптың мән-мағынасын ашу,ағылшын тіліндегі сөздік қоры артып, күнделікті сөйлеу жүйесінде қолдандыра білуге үйрету. Оқушылардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту. Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға баулу.
Нәтижесінде: өз ойларын жеткізе біледі, бағалайды. Топта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.
Сабағымның басында оқушылардың қызығушылықтарың ояту ,түрлі ой тастау, психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Жылы сөздер» тренингін өткіздім. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ағылшын тілінде жылы лебіздерін білдіре отырып, сабақ барысына сәттілік тіледі. Сабағымды бастамас бұрын сыныпты екі топқа «Түсіңді таңда» әдісі арқылы бөлдім. Ол үшін оқушылар тақтада ілініп тұрған фишканы таңдап, әркім өз түсінің тұсына отырды. І-топ «Қызылдар», ІІ- топ «Жасылдар» тобы болып екіге бөлінді.
Сабағымда суреттер қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын арттыру мен қатар білім деңгейлерінің жоғарылауына ықпал еттім. Жеке-жеке мектеп жабдықтарының атауын ағылшын тілінде қайталаттым. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты әрі қарай оқушы мен мұғалім арасындағы диалог арқылы жүргіздім.
Сұрақтың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау түрлерін пайдалана отырып, оқушылар өткен сабақты еске түсірді, ол үшін мен «Кім жылдам?» жаттығуын өткіздім. Атап айтсам , мұғалім қимылмен түрлі жануарларды көрсетеді, оқушылар атауын табуға міндетті еді. Оқушыларға бағдар беріп отырдым осы кезде Рамазан, Жалғас , Бақдаулет еш қиналмастан жауап берді.
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға топтық жұмыс бердім. Оқушыларға түрлі түсті пішіндер таратылып, жаңа жылдық шыршаны безендіруді тапсырдым.
Қызығушылықтарын ояту және жаңа сабақтың мазмұның айқындау мақсатында видео ролик көрсеттім. Бұл жұмыс түрі оқушыларға өте ұнап, түстерді қайталаттым. Содан соң қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындаттым,бұл жұмыс барысында оқушылар түстермен қатар сандарды да қайталап өтті.
Сабақ соңында қалыптастырушы бағалауға арналған жұмыстарын жинап алдым.
Осы сабақта оқушылар белсенділік танытты, оларға берілген тапсырманы орындау түрлері ұнағандығын мен сабақты қорытындылағанда кері байланыс кезінде айтып өтті: Оқушыларға өзімнің сабақ туралы ойымды айтып, оларға алғысымды білдірдім.