14
март
2022
«Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту» семинар
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін жас мамандардың кәсіби беделін көтеру, шығармашыл педагогтерге қолдау көрсету мақсатында 2022 жылдың 11 наурыз күні «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде дағдыларды қалыптастыруда қолданылатын белсенді әдіс – тәсілдерді меңгерту жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектіғұлова Назира Мақұлбекқызы осы семинарда «Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.