05
март
2022
"Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тренажерді пайдалану" тақырыбында ұстаздарға семинар-практикум өткізді.
Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 2022 жылдың 4 наурыз күні математика пәні мұғалімдері Шора Даут Дулатұлы мен Тұрсынова Талшын Есғалиқызы және биология пәнінің мұғалімі Тұрарова Айбат Маратқызы "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тренажерді пайдалану" тақырыбында ұстаздарға семинар-практикум өткізді. Семинар барысында оқушылардың оқу және математикалық сауаттылығын, креативті ойлау дағдыларын қалай дамыту керек екендігі айтылды. Сонымен, PIZA халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындауға арналған тренажерлермен таныстырды. Ұстаздар топтық жұмыс жасап, өздерінің креативті ойларымен бөлісіп, көңіл күйді көтеретін тренингтер жасады.