26
февраль
2021
"Интербелсенді әдістерді сабақта пайдалану арқылы білім сапасын арттыру "
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында білім алушылардың біліміндегі әлсіз тұстарын жою және білімін толықтыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес математика пәнінің мұғалімі Г.П.Қозыбақова "Интербелсенді әдістерді сабақта пайдалану арқылы білім сапасын арттыру " тақырыбында семинар өткізді. Семинар санитарлық талаптарға сай өтті. Семинар барысында Гульмира Панзабекқызы іс- тәжірибесімен бөлісе отырып, интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Сонымен бірге, интербелсенді оқытуды пайдалану өмірлік жағдаяттар мен мәселелерді бірлесе шешіп, білім сапасын арттыруға оң әсерін тигізетіні туралы айтты. "Plickers" әдісі арқылы кері байланыс жасады.