24
февраль
2022
"Графикалық органайзерлерді қолданудың тиімділігі" тақырыбында ұстаздарға коучинг өткізді.
Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 2022 жылдың 23 ақпан күні "Тарих пәні әдістемелік бірлестігінің айлығында" тарих пәні мұғалімі Суталиева Гулназ Мәмбеткерімқызы "Графикалық органайзерлерді қолданудың тиімділігі" тақырыбында ұстаздарға коучинг өткізді. "Маған айтсаң, мен ұмытамын, маған көрсетсең, есімде қалады, өзіме жасауға рұқсат етсеңіз, мен түсінемін" деп қытай мақалында айтқандай, ұстаздармен әрдайым әдіс- тәсілдермен бөлісу керектігі айтылды. Графикалық органайзерлер жаңартылған білім беру бағдарламасында оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрі тыңдалым, жазылым, оқылым, айтылым дағдыларының жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Prezi.com программасымен презентация жасап, графикалық органайзерлердің түрлерін таныстырды. Ұстаздар топпен жұмыс жасап, көңіл күйді көтеретін тренингтер мен ойындар жасады.