«Тарих сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы аудандық семинар
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп Елбасымыз айтқандай, бүгінгі таңда жас ұрпаққа сапалы білім беру басты назарға ие болып отыр. Ал сапалы білім беру үшін, әрине, әдіс-тәсілге бай ұстаз қажет. Бүгінде жаңартылған білім бағдарламасы жасалып, көптеген ұстаздар біліктілігін арттыру үстінде. Данышпан А. Эйнштейн «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» десе, бүгінгі білім бағдарламасында да ұстаз бағыт беруші, жол нұсқаушы ретінде көрінеді. Білім беру процесінде біз барлығымыз уақытқа бағыныштымыз. Уақытты үнемдеудің бірден-бір жолы - графикалық органайзерлер болып табылады. Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Суталиева Гулназ Мамбеткерімқызы «Тарих сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы аудандық семинарда графикалық органайзерлердің түрлеріне тоқталып, тарих сабағында идеялар мен ойды графика түрінде ұсынудың ең тиімді әдісі екендігі жөнінде өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.