23
февраль
2022
"Мәңгілік Ел - мәңгілік тарих" тақырыбында Тарих пәні әдістемелік бірлестігінің айлығының ашылу салтанаты өтті.
Иван Трубицын атындағы √17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Мәңгілік Ел - мәңгілік тарих" тақырыбында Тарих пәні әдістемелік бірлестігінің айлығының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақты алға жетелеу, оқуға, білімге деген қызығушылығын және құштарлығын арттыру Отанын, елін сүйетін, тарихына аса құрметпен қарайтын білімді ұрпақ тәрбиелеу. Іс - шара барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғанға дейінгі тарихы, еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын бұзған жоңғар шапқыншылығы, халқымыздың діни - наным сенімі, бодандықта болған кезең, үш жүздің басын қосқан Абылай хан, қазақ халқының өмірі туралы көрініс көрсетілді. Сонымен қатар ән шырқалып, өлең оқылып, оқушылар белсенділігін, ұстаздар шығармашылық шеберліктерін көрсете білді. Сондай - ақ Тарих пәнінің әдістемелік бірлестігі айлығының ашылу салтанатына орай мектеп дәлізінде ұйымдастырылған тарихи жәдігерлер, белгілі археолог ғалымдар мен тарихшы, зерттеушілердің кітаптар көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты.