02
декабрь
2021
«Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» тақырыбында деректіфильм көрсетілді
30 – қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» тақырыбында деректіфильм көрсетілді. Іс - шара мақсаты Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту, Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу және өскелең ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Суталиева Гүлназ Мамбеткеримовна іс-шара басында өзі сөз алып, «Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының үзіндісімен бастап, еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне тоқталып, Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы жас ұрпаққа түсіндіру мақсатында «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» тақырыбында деректіфильмге назарларын аударды. Деректіфильмге көріп болған соң оқушылар өз ойларын ортаға салды. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Тұрсынов Жасұлан Есғалиұлы шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қуатты елдің иесі және кемел халық болуға, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек екендігіне тоқталды.