22
февраль
2022
қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі айлығының жабылуына байланысты "Елім менің тірегім, туған тілім - жүрегім" атты салтаннатты кеш өтті.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 17.02.2022 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі айлығының жабылуына байланысты "Елім менің тірегім, туған тілім - жүрегім" атты салтаннатты кеш өтті. Кеш мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызының сөзімен ашылды. Жауапты мұғалімдер Сахова Н.А мен Г.Мырзағұлованың ұйымдастыруымен өтілген кеште қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары мен оқушылардың қатысуымен қазақтың ұлы ақыны Абай өмірінен бір сыр шертетін " Біржан сал Абай ауылында" қойылымы көрсетілді. Ақынның рөлін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайыпжанов Руслан ойнаса, Біржан салдың рөлінде Шалабаев Мадияр, Әйгерімнің образын 11"Ә" сынып оқушысы Шабден Алуа керемет сомдап, Абай мен Біржан әндерін шырқады. 7"А"сынып оқушылары Байболсын Арнұр мен Еңсебек Асыл Абай мен Әбіш арасындағы диалогты рөлге еніп оқыды.Сонымен қатар Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының монологын 11"Ә" сынып оқушысы Бейсенбек Нұрбек оқып, 7- сынып оқушылары Дүйсен Әлімжан мен Абзал Айдина Батыр бабаға арналған жыр арнауларын оқыды. 6"Ж" сынып оқушылары халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен құралған " Сырласу" атты қойылымды қойып, ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Кеш жоғары деңгейде өтті.