24
ноябрь
2021
Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің айлығы
23 қараша күні жаратылыстану пәндері бірлестіктерінің айлық жоспарына сәйкес химия пәні мұғалімі Турарова Айбат Маратқызы «Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Мұғалім жас мамандарға құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, танымда, адамдардың қарым-қатынасында, кәсіби өмірде, жеке өзін-өзі анықтауда туындайтын мәселелерді шеше білуді ұсынатындығын, бұл процестің өзегі функционалды сауаттылық болып табылатындығын ескере отырып, әр сабақта функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында әр түрлі тапсырмаларды құрастыруға нұсқау берді. Өз тәжірибесімен бөлісті.