24
ноябрь
2021
Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің айлығы
23 қараша күні жаратылыстану пәндері бірлестіктерінің айлық жоспарына сәйкес география пәні мұғалімі Худайбергенов Ф.А. «Повышение эффективности обучения посредством мотивации» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингке мектептің жас мамандары қатысты. Жас мамандарды үш топқа бөліп, оқушының сабаққа белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдері мен балаға мотивация беру жолдарына талдау жасалды. Постер дайындау барысында мұғалімдер өзара ақылдасып , пікірлесіп , топта бірге жұмыс жасау арқылы нәтижеге жетуді көздеді. Тіпті өздерін оқушының орнына қойып қарауға да ұмтылды. Мұғалімдердің жасаған кері байланысында да коучингке қызығушылықпен қатысып отырғаны байқалды, топтың әрбір мүшесі өз ойын еркін жеткізе білді. Коучинг өте жоғары деңгейде өтті.