24
ноябрь
2021
Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің айлығы
23 қараша күні биология пәні мұғалімі Алденбекова Асел Төлебайқызы 8 «А» сыныбында «Жануарлардың жүрек-қантамырлары жүйесі құрылысының ерекшеліктері мен эволюциясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылымы өте жақсы. Сабақ барысында Кембридж бағдарламасы бойынша жеті модульде қарастырылған идеяларды сабақта өзара байланыстырып, тиімді қолдана білді.Оқушылар топта бірлесе отырып берілген тапсырманы орындауға, ортақ шешімге келуге, өз ойларын дәлелді түрде жеткізуге төселген. Әсіресе қорытындылау мақсатында жүргізілген «Кімнің жүрегі?» ойыны өте қызықты өтті.