01
апрель
2026
“Қыз бала – болашақ ана”


🔰Мектебімізде 9–11 сынып білім алушы қыздармен “Баян Сұлу” қыздар клубының жоспарына сәйкес “Қыз бала – болашақ ана” тақырыбында тәрбиелік мәні зор жиналыс өткізілді.
📌Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, олардың бойына инабаттылық, әдептілік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, болашақ ана ретіндегі рөлін түсіндіру болды. Жиналыс барысында қыздарға өзін-өзі құрметтеу, дұрыс қарым-қатынас орнату, сырт келбет пен ішкі мәдениетті үйлестіру жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
Сонымен қатар, мектеп инспекторы Б.Қ. Исабеков қатысып, қыздарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздік пен жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жиналыс қыздар үшін маңызды әрі тағылымы мол кездесу болып, олардың саналы, тәрбиелі тұлға болып қалыптасуына оң әсерін тигізді.