28
январь
2026
«Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өмірдің қас жауы»



🔰Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өмірдің қас жауы» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді.
📌Жиналыстың мақсаты – ұл балалардың бойында тәртіптілік, жауапкершілік, мәдениеттілік қасиеттерін қалыптастыру, мектеп ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру, тәртіпсіздіктің адам өміріне тигізер кері әсері жөнінде ой қозғау.
📍Жиналысқа мектеп инспекторы Б.Қ. Исабеков, ДҚТЖО Е.Б. Базарбаев және ДТІЖО Б.О. Куанышова қатысып, оқушыларға тәртіп сақтау, заң талаптарын орындау, ұл балаға тән мінез-құлық пен жауапкершілік туралы мазмұнды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
📎Жиналыс барысында тәртіп пен тәрбиенің өзара байланысы, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті талқыланды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Тәртіпті сақтаудың табысты өмірге бастайтыны, ал тәртіпсіздіктің түрлі келеңсіз жағдайларға әкелетіні нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Жиналыс соңында оқушыларға мектеп ережесін сақтау, үлгілі мінез көрсету, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау жөнінде қорытынды жасалды.