20
январь
2026
«Тәртіпті бала – тәрбиелі бала»


🔰Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Заң және тәртіп» айлығы аясында 5–6 сынып білім алушыларымен «Тәртіпті бала – тәрбиелі бала» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
⚜️Іс-шараны мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куанышова Балжан Оразбайқызы және мектеп инспекторы Исабеков Б.Қ. бірлесіп өткізді.
📌Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушылардың бойында тәртіп мәдениетін қалыптастыру, заң мен мектеп ережелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, адалдық пен жауапкершілік ұғымдарын терең түсіндіру, жас ұрпақты саналы да салиқалы азамат болып қалыптасуына бағыт беру.
📎Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар «тәртіп деген не?», «тәрбиелі баланың бейнесі қандай болуы керек?», «адал азамат болу үшін не істеу қажет?» сынды сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Мектеп инспекторы Исабеков Б.Қ. оқушыларға заң талаптары, құқықбұзушылықтың салдары және тәртіп сақтаудың қоғамдағы орны туралы түсінікті тілмен мысалдар келтіре отырып әңгімеледі.
✒️Тағылымды дөңгелек үстел жас ұрпақтың санасына ой салып, өмірлік ұстанымдарын дұрыс қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәні зор кездесу болды.
Тәртіпті бала – елдің үміті, тәрбиелі бала – ұлттың тірегі! 🌿