14
октябрь
2025
Жолда жүру ережесі – бала қауіпсіздігінің кепілі!

🚸 Жолда жүру ережесі – бала қауіпсіздігінің кепілі!📍 Иван Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясында жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔹 Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын дамыту.
🔹 Мектеп инспекторы Исабеков Б.Қ., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Куанышова Б.О. және сынып жетекшілер балаларға жол белгілері, бағдаршам сигналдары, жаяу жүргіншілер өткелі, қауіпсіздік ережелері жайлы кеңінен түсіндіріп, практикалық мысалдар келтірді.
📌 Бала қауіпсіздігі – басты назарда!
Әр оқушы – біздің болашағымыз. Сондықтан жолда мұқият болайық, қауіпсіздік ережелерін ұмытпайық!