03
сентябрь
2025
Жол ережесін сақтайық!




🚦 Жол ережесін сақтайық!
📍 Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 1–4 сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіруге арналған іс-шара өткізілді.
👮 Іс-шараға мектеп инспекторы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар және сынып жетекшілері қатысып, жас жеткіншектерге жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы ақпарат берілді.
🧒👧 Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
🚦 Тақырыпқа сай көрнекі құралдар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⚠️ Қауіпсіз жол – бақытты балалық шақ кепілі!
Балаларға жол ережесін сақтауды үйрету – ортақ міндетіміз.