Қыздар жиналысы

«Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстың, зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға мектеп инспекторы Б.Қ. Исабеков, директордың құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Б. Базарбаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.О. Куанышова, сынып жетекшілері және оқушылар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, зорлық-зомбылықтың, соның ішінде жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың заң алдындағы жауапкершілігі, зорлық-зомбылық пен жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу жолдары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушыларға өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардан сақтану, өз құқықтарын қорғау, сенім телефондары мен жауапты органдарға жүгіну жолдары түсіндірілді.
Оқушылар белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Іс-шара соңында қауіпсіз қоғам құрудағы әрбір азаматтың, соның ішінде оқушылардың да жауапкершілігі атап өтіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қорытынды жасалды.