2025 жылдың 8 қыркүйек күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында 10-11 сыныптардың оқушыларымен полиция қызметкерлерінің қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы және оларға қатысты қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы адал азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Ө.Сүйіндіков балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы және алаяқтық іс-әрекеттер, кибербуллинг, буллинг бойынша туралы қылмыстық жауапкершілікті айтып өтті. АПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты Д.Қанатбек кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, зиянды заттарды қолдануға болмайтындығын, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп кетті. Келесі кезекте Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны М.Абишеы және полиция аға лейтенанты Б.Исабеков өз сөздерінде мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау бойынша форма мәселесіне, сабақтан себепсіз қалмау, кафе, түнгі клубтарда беймезгіл уақытта жүрмеу, сауда орталықтарында, (кафелерде ыдыс аяқ жуу, даяршылық қызмет), түнгі компьютерлік ойын клубтарында жүрмеу жайында ескерте келе кәмелеттік жасқа толмаған балалардың арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау іс-қимылдары бойынша түсіндіріп кетті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.Көшербаев кәмелетке толмағандар арасында ағымдағы жылда орын алған жол-көлік оқиғаларының көбейгенін атап өтіп, жолда жүру ережелерін қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертті