Құқық бұзушылық пен қылмыстың, бұзақылық пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп инспекторымен кездесу
Анықтама
2023 жылдың 20 қаңтарында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 7-11 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, бұзақылық пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп инспекторымен кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Жиынға мектеп әкімшілігінің мүшелері қатысты.
Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шидакова Л.А. мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы, полицияның жас көмекшілері отряды мүшелерінің жұмысы туралы айтып, девиантты мінез-құлықты оқушыларды мектепішілік есепке қою мәселесіне ерекше назар аударып, мектеп ортасында қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу бойынша іс-шаралар атқарылатынын айтып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеужанова Т.А. жиынға қатысқан оқушыларды мектептің ішкі тәртібін қатаң сақтауға, мектеп формасын кию талаптарын сақтауға, сабаққа кешігіп келу мен себепсіз сабақты қалдырмауға шақырды.
Жиында сөз алған мектеп инспекторы Г.Б.Килебаева Меркі ауданында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтардың статистикасын келтіріп, заң алдындағы жауапкершілікке, түнгі және күндізгі уақытта жүргізілетін рейдтерге тоқталып, сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылықтар туралы айтып өтіп, жасөспірімдердің алкоголь, есірткі және электронды темекілерді пайдаланбауға шақырды. Кездесу соңында білім алушылар өз сұрақтарына жауап алды.