18
ноябрь
2021
Уроки права- уроки жизни!
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 16 қарашасында мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.А.Шидакова, мектеп инспекторы Оспанбеков Е.А. және тарих пәнінің мұғалімі Тұрсынов Ж.Е. 9-11 сынып оқушыларының арасында "Бала құқығы - адам құқығы" атты республикалық айлық негізінде "Құқық сабақтары - өмір сабақтары" тақырыбында кездесу өткізді.
Оқушылармен өткізілген кездесудің мақсаты олардың бойында құқықтық мәдениет, құқықтық сана және құқықбұзушылыққа жауапкершілік қалыптастыру.
Кездесу барысында Л.А.Шидакова оқушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 14, 17, 27, 30 34 баптарымен таныстырып, әрқайсымыздың заңдарды сақтау міндетіміз екендігін ескертті.
Ал мектеп инспекторы Оспанбеков Е.А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 393 бабы " Бұзақылық" және әкімшілік құқықбұзушылық туралы 442 бап "Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы" туралы түсіндірді. Тарих пәнінің мұғалімі Тұрсынов Ж.Е. оқушыларға Құқық негіздері пәнін оқудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіре келе, ол пәнді меңгеру арқылы құқығымызды қорғау туралы тәжірибе алатындығымызды және заңды бұзбай қалай өмір сүруге.болатындығын, өз құқығымызды қорғау туралы меңгеретіндігімізді түсіндірді.