Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы «Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу» көктемгі айлығының өткізілуі туралы ақпарат » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы «Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу» көктемгі айлығының өткізілуі туралы ақпарат
28
апрель
2022

Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы «Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу» көктемгі айлығының өткізілуі туралы ақпарат

Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы «Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу» көктемгі айлығының өткізілуі туралы ақпарат
         Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сай мектепте оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу көктемгі айлығы 2022 жылдың 1-30 сәуір аралығында жүргізілді.
          Акцияның мақсаты – есірткінің, снюс, спирттік ішімдіктердің, темекі өнімдерінің зияны туралы ақпараттық профилактикалық шараларды ұйымдастыру арқылы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Акциясы айлығында оқушылар мен ата-аналарға профилактикалық іс-шаралар өткізілді.  
Айлық барысында мектепте сәуір айының 11-12 күндері ДҚТЖО Л.А.Шидакова, мектеп психологтары Л.К.Тотаева, Ж.Д.Ойшиева,  әлеуметтік педагогтар Ф.Т.Рахметова мен Ж.Т.Шалимбетова  8-11 сынып оқушыларынан  «Есірткі және жасөспірім» тақырыбында сауалнама жүргізді. Диагностиканың мақсаты жасөспірімдердің зиянды әдеттер бойынша ақпараттану деңгейін анықтау болды. Сауалнамаға қатысқан оқушылар саны -285 . Диагностика нәтижесі бойынша мектепішілік алдын алу іс-шаралары тәрбие, ашық сынып сағаттардың өтуіне байланысты 8-11 сынып оқушылары одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану жолдарынан хабардар, осы мәселе бойынша ақпараттандыру деңгейлері қанағаттанарлық. Жалпы 8-11 сынып оқушылары бойынша зиянды заттарға бейім оқушы анықталған жоқ. Сынып жетекшілерге оқушылар арасында нашақорлықтың  алдын алуы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
7-10 сынып оқушылары арасында «Есірткілер туралы не білесің?» тақырыбында плакаттар байқауы өткізілді. Оқушылар сурет салу арқылы өз ойларын зиянды заттардан аулақ болу керек екендігін түсіндірді. 7-10 сынып оқушылары байқауға белсене қатысты.
12 сәуір күні мектеп психологтары Г.Д.Ойшиева мен Л.К.Тотаева 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Есірткіден балаларды қорғау үшін не істеу керек?» тақырыбында кеңес беру жұмыстарын жүргізді. Қатысқан ата-аналар саны – 97. Кеңес беру барысында ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, есірткінің адам ағзасына қаншалықты зиянды екенін айтып, сонымен қатар балалардың болашақтарына қаншалықты зиянын келтіретіні туралы хабардар екенін білдірді. Мектеп психологтары тарапынан ата-аналарға балаларының көңіл-күйлеріне, сырт келбетіне, мінез-құлқының өзгеруіне, көп уақыт сыртта жүргеніне бақылау жүргізіп тұру керек екендігіне ұсыныс берілді.
         18 сәуір күні ДҚТЖО Л.А.Шидакова, әлеуметтік педагогтар Ф.Т.Рахметова, Ж.Т.Шалимбетова, АӘД мұғалімі А.Н.Андриянов, мектеп инспекторы Е.А.Оспанбеков мектеп аумағында темекі өнімдерін пайдаланатын оқушыларды анықтау мақсатында рейдтер жүргізді. Рейд барысында ешқандай оқушы анықталған жоқ.
9-11 сынып оқушыларына темекі өнімдерін, спирттік ішімдіктерді қолданудың алдын алу мақсатында «Марихуана және сыра өнімдері» бейне ролигі көрсетілді.
Айлық барысында сонымен қатар тәрбие сынып сағаттары өткізілді. Атап айтқанда, 5-11 сынып оқушылары арасында «Нашақорлық – ауыр індет, алдын алу міндеті!», «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Соның ішінде ең үздік тәрбие сағаттарын атап айтса болады, олар: 4 «з» сыныбы, сынып жетекшісі Г.А.Тлеу, 7 «з» сыныбы, сынып жетекшісі А.И. Курымбаева, 8 «д» сыныбы, сынып жетекшісі Ф.А. Худайбергенов, 9 «з» сыныбы, сынып жетекшісі К.Е. Соколинских, 11 «д» сыныбы, сынып жетекшісі М.К. Копбосунова.
18 сәуір күні 5 сыныптар оқушылары арасында дене шынықтыру мұғалімі Париев И.В. «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында спорттық байқауын өткізді.
21 сәуір күні құқық қорғау органдары ІІБ - мектеп инспекторы Е.А.Оспанбековпен оқушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға кеңестер берілді, әңгіме өткізілді. 
Ата-аналармен мектепішілік жиналыс өткізіліп, «Есірткі заттардың ағзаға тигізер әсері» тақырыбында  әңгіме жүргізілді. 
«Нашақорлық зияны мен зардаптары» тақырыбында 10 сыныптар шығармалар мен эссе жазды. 10 «в» сыныбы бұл байқауға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.
1-30 сәуір аралығында өткізілген айлық өз деңгейінде жүргізілді. 2021-2022 оқу жылында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін іс-шаралар өз жұмысын жалғастырады.  
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив