08
апрель
2022
"Салауатты әлем құрайық" атты оқушылар арасында денсаулық күні өтті.
2022 жылдың 7 сәуір күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында "Салауатты әлем құрайық" атты оқушылар арасында денсаулық күні өтті. Денсаулық күні ұлттық бағдарламасының мақсаты- қоғамның, халықтың қалың бұқарасының назарын белсенді өмір салтын жүргізуге, өмірдің барлық кезеңдерінде ғана салауатты өмір салтына деген ұстанымдарды қалыптастыру арқылы жеке денсаулықты сақтау мен нығайтуға, адамдарға өздері және өз отбасылары үшін денсаулық пайдасына таңдау жасауға және шешімдер қабылдауға көмектесу.